|
Медициналық бұйымдардың тек 7 пайызы ғана Қазақстанда шығарылады
|
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова осыны айтты.
Есебінше, бүгінде елімізде сегіз мыңнан астам препарат тіркелген. Соның 600-ге жуығы отандық өнім саналады. Қалған дәрілердің 17 пайызы Ресейден, 5 пайызы Беларусь Республикасынан келеді. Медициналық бұйымдардың қалған бөлігі Еуропалық одақ елдерінен әкелінеді екен. Сондай-ақ ведомство басшысы Қазақстанда медициналық техниканы сатып алу тәртібі өзгертілетінін жеткізді. Соған сәйкес медициналық ұйымдар құны 5 млн-ға дейінгі техниканы өздігінен сатып ала алады, 5 пен 100 млн теңге көлеміндегі техниканы лизинг арқылы, ал құны 100 млн теңгеден асатын бұйымдарды республикалық және жергілікті бюджет есебінен алынады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді