|
Ұлыбритания 2008 жылы дүниеге келген ұрпақтан бастап темекі өнімдерін тұтынуға толық тыйым салады
|
2009 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап дүниеге келгендерден басталатын болды – жат әдетке біржола тыйым салу шарасы. Бұл жайында islam.kz порталы немістердің Deutsche Welle ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Британ парламентінің қос палатасы қабылдаған заң корол Карл ІІІ қол қойған сәттен бастап қолданысқа енеді. Аталмыш заң талаптарына сәйкес қазір жасы 17-дегі және одан кішілері Ұлыбритания аумағында темекі өнімдерін немесе вейпті сатып ала алмайды. Осылайша Ұлыбритания шылым шегуге заң жүзінде басы-бүтін тыйым салған әлемдегі алғашқы ел ретінде тарихта қалады. Осы орайда 2025 жылдың желтоқсан айында Қытайдың Шенжен қаласының сауда орталықтарында жоғары технологиялық дәретхана кабиналары пайдаланыла бастағанын айта кетпекпіз - темекі түтінін анықтағанда мөлдір тартады. Мұндай жаңалық қоғамдық дәретханаларда заңсыз темекі шегумен күресуге бағытталған.