Елімізде жыл сайын бір ғана себептен 20 мыңдай құс жойылуда
Елімізде жыл сайын бір ғана себептен 20 мыңдай құс жойылуда
2 жыл бұрын 1783 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қазақстан республикасының экология, геолгия және табиғи ресурстар министрлігінің алқа мәжілісінде аталған ведомстваға қарасты қоғамдық кеңес мүшесі Нұрлан Орғанбаев ел аумағында жыл сайын 20 мыңдай құстың электр сымдарынан қырылып жатқанын жеткізді. Бұл жайында islam.kz порталы Zakon.kz медиаресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның айтуынша, әр он шақырым сайын екі-үш құс жоғарыда аталған себеп бойынша опат болады. Энергетика министрлігі келтірген бұл ресми ақпаратқа сай, яғни, ел аумағында электр желісі тартылған 84 мың шақырымға шаққанда елімізде жылына шамамен 20 мыңға тарта құс қырылады. Осындай себептен қырылып жатқан құстардың жартысы қызыл кітапқа еніп үлгерген. Атырау және Маңғыстау облыстарындағы зерттеу базасынан алынған статистикалық мәлімет бойынша олардың шамамен 45%-н қызыл кітапқа енген құстар құрап отыр. Яғни, қызыл кітапқа енген құстардың 9 мыңға жуығы электр сымдарында ток соғып өледі жыл сайын. Олардың арасында дала қыраны мен бүркіт те кездеседі.

Ұқсас материалдар:

«Жыл сайын елімізде 50 мың жыртқыш құс опат болады. Бір ғана себептен...» (https://islam.kz/kk/news/qazaqstan/jyl-saiyn-elimizde-50-myn-jyrtqysh-qus-opat-bolady-bir-gana-sebepten-15893/#gsc.tab=0);

«Елімізде құстардың 150 түрі жойылып кетуі мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/elimizde-qustardyn-150-turi-joiylyp-ketui-mumkin-14703/#gsc.tab=0);

«Орта Азияны мекен ететін құс жаһандық жылынуға байланысты Саха жеріне ауды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/orta-aziyany-meken-etetin-qus-jahandyq-jylynuga-bailanysty-saha-jerine-audy-16363/#gsc.tab=0);

«Жаһандық жылынудан құстар «ажырасып» жатыр» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/jahandyq-jylynudan-qustar-ajyrasyp-jatyr-16268/#gsc.tab=0);

«Жаһандық жылынудан жабайы құстардың дене тұрқы өзгеруде» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jahandyq-jylynudan-jabaiy-qustardyn-dene-turqy-ozgerude-16041/#gsc.tab=0);

«Әлемдегі құстардың үштен бірі қырылуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/alemdegi-qustardyn-ushten-biri-qyryluy-mumkin-15871/#gsc.tab=0);

«Кәрі құрлықта 40 жыл ішінде 600 млн құс жойылған» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/kari-qurlyqta-40-jyl-ishinde-600-mln-qus-joiylgan-16190/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат