Жаһандық жылынудан жабайы құстардың дене тұрқы өзгеруде
Жаһандық жылынудан жабайы құстардың дене тұрқы өзгеруде
3 жыл бұрын 2160 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Соңғы он жылда Амазонияның ит тұмсығы батпайтын ну жыныс орманында тіршілік ететін құстардың денесі кішірейіп кеткен, ал қанаты керісінше ұзарған, осылайша жаһандық жылынуға, дәлірегі, ауа температурасыныСоңғы он жылда Амазонияның ит тұмсығы батпайтын ну жыныс орманында тіршілік ететін құстардың денесі кішірейіп кеткен, ал қанаты керісінше ұзарған, осылайша жаһандық жылынуға, дәлірегі, ауа температурасының көтерілгеніне бейімделген. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Science Advances мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша адамның антропогендік фактор әсері, дәлірегі, климат өзгерісінің әсері адам бара бермейтін шалғай түкпірдегі тіршілік иелеріне де, олардың тіршілік ету ортасына да жеткен. Бразилия және АҚШ ғалымдарынан жасақталған топқа жетекшілік еткенВитек Жиринек (Vitek Jirinec) пен оның әріптестері амазониялық 15 мыңнан аса құсты аулап, дене тұрқын өлшеп, сақиналап кеткен еді – 40 жыл ішінде. Амазониялық құстардың дее салмағы орташа есеппен алғанда екі пайызға кемігені анықталып отыр. Бұл өзгеріс нақты бір аймаққа немесе құтсрадың тіршілік ету ортасына ған тән емес, жалпылама сипатқа ие болған. Бұл жайт өз кезегінде құстардың жаһандық жылынуға байланысты осындай өзгерісті бастан кешіп жатқанын көрсетеді. Ғалымдар бұл тарапта тропикалық орманның ойпаңында, дөңесінде, ылғалы мол аймағында, күн шуағы молынан түсетін аймағында, ыстықты алқабында мекен ететін жабайы құстардың 77 түрінің өкілдерін қарастырған екен. Олардың барлығында да осындай өзгеріс байқалған. Дене тұрқысының кішірейіп, яғни, салмағының кеміп,қанатының ұзарғаны ұшу кезінде энергияны үнемдеуге мүмкіндік беретін шығар? Өйткені, шағын денені алып жүру жеңіл. Бұл айтылған гипотезаға нақты жауап беруге әлі ерте. Аталған зерттеуге атсалысқан Филип Стуфер (Philip Stouffer) есімді ғалымның сөзіне қарағанда, құстар өзінің тіршілік ету ортасына нақты бейімделетін мақұлық болғандықтан салмағының сәл кемуі немесе артуы (грамдап болса да) өте маңызды өзгеріс ретінде бағаланады. Дегенмен құстар жылдан жылға қарқын алып келе жатқан жаһандық жылынуға қаншалықты шапшаң бейімделе алады? Бұл олардың аман қалуының басты шарты болып отыр. Климат өзгерісіне бейімделіп үлгергендері ғана аман қалады. 

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Ұқсас материалдар:

«Әлемдегі құстардың үштен бірі қырылуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/alemdegi-qustardyn-ushten-biri-qyryluy-mumkin-15871/#gsc.tab=0);

«Азық үшін миллиондаған жабайы жануар опат боуда" (https://islam.kz/kk/news/alem/azyq-ushin-milliondagan-jabaiy-januar-opat-boluda-15830/#gsc.tab=0);

«Жануарлар саудасының өзінен олардың қарасы 60%-ға азайып кеткен» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/januarlar-saudasynyn-ozinen-olardyn-qarasy-60-ga-azaiyp-ketken-14838/#gsc.tab=0);

«Африкадағы жануарлардың жартысы қырылып қалатын болды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/afrikadagy-januarlardyn-jartysy-qyrylyp-qalatyn-boldy-9945/#gsc.tab=0https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/afrikadagy-januarlardyn-jartysy-qyrylyp-qalatyn-boldy-9945/#gsc.tab=0);

«Адамзат болашақта балықты түсінде көреді – жаһандық жылынудан балықтар шағылысудан, ұрпақ өрбітуден қалады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/adamzat-bolashaqta-balyqty-tusinde-koredi-jahandyq-jylynudan-balyqtar-shagylysudan-urpaq-orbituden-qalady-14334/#gsc.tab=0);

«Таяу жылдары кеңінен әрі жиі тұтынылатын балықтардың бірқатары жойылады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/tayau-jyldary-keninen-ari-jii-tutynylatyn-balyqtardyn-birqatary-joiylady-15619/#gsc.tab=0);

«Жаһандық жылыну: аралар қандай температурада қанша қашықтыққа ұша алады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/jahandyq-jylynu-aralar-qandai-temperaturada-qansha-qashyqtyqqa-usha-alady-15746/#gsc.tab=0);

«Тозаңдандырушы жәндіктердің қырылу себептері айтылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/tozandandyrushy-jandikterdin-qyrylu-sebepteri-aityldy-15625/#gsc.tab=0);

«Жәндіктер жаһандық жылынуға төтеп бере алмайды – олар өз денесінің қызуын реттей алмайды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jandikter-jahandyq-jylynuga-totep-bere-almaidy-olar-oz-denesinin-qyzuyn-rettei-almaidy-14391/#gsc.tab=0);

«Келесі ғасырда жәндіктер толық жойылуы мүмкін (инфографика)» (https://islam.kz/kk/news/alem/kelesi-gasyrda-jandikter-tolyq-joiyluy-mumkin-infografika-11466/#gsc.tab=0);

«Биологиялық әралуандылықтың сақталуы ең алдымен адамның өзі үшін керек» (https://islam.kz/kk/news/alem/biologiyalyq-araluandylyqtyn-saqtaluy-en-aldymen-adamnyn-ozi-ushin-kerek-15099/#gsc.tab=0)

 

0 пікір
Мұрағат