Елімізде бар-жоғы 108 мың киік қалған
Елімізде бар-жоғы 108 мың киік қалған
8 жыл бұрын 2916 bnews.kz

Қазақ даласында 108 мыңнан асар-аспас киік қалды. Жуырда ғана арнайы санақ жүргізген Ауыл шаруашылығы министрлігі осындай мәлімет таратты. 

Олардың басым бөлігі Орал мен Бетпақдалада болса, Маңғыстау облысындағы үстіртте бас-аяғы 2 мыңдай ақбөкен қалыпты. Былтыр біршама киіктің жұмбақ жағдайда қырылып қалғаны белгілі. Дала жануарының күрт азаюына бірден-бір себеп осы. Оның үстіне, браконьерлердің де саны азаймай отыр. Осыған байланысты ведомство оларға қарсы әкімшілік және қылмыстық жазаны күшейтуді сұрады. Себебі, заңсыз аң аулаушыларға ортақ тәртіптің өзі тосқауыл болмай тұр.

«Браконьерлік, өздеріңіз білесіздер, Қазақстанда азайып жатқан жоқ. Осы 5 айдың өзінде 33 факт тіркелген. Атылған киіктер саны 100-ден асып жатыр. Ұсталған адамдардан тәркіленген киік мүйіздерінің саны мыңнан асты», - деп мәлім етті ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті басқармасының басшысы Бақытбек Дүйсекеев.

0 пікір
Мұрағат