|
Иран Сауд Арабиясын халықаралық сотқа бермекші
|
Бұл жайында Иранның әділет министрі Мұстафа Пурмохаммади мәлімдеді. Иранды мұндай қадамға өткен жылғы қажылық кезінде ирандық қажылардың жаншылып өлгені итермелеген. Әділет министрінің айтуынша, Мина жазығында қаза тапқан ирандық қажылардың отбасылары шағым түсірген. «Бұл істі халықаралық соттың қарауын Иран дипломатиялық каналдар арқылы мұқият қадағлайтын болады. «Өйткені, Сауд Арабиясы халықаралық құқықтық нормаларға бағына бермейді, тіпті, өздерінің сот жүйесі тәуелсіз емес»,- деп мәлімдеді министр ирандық телеарна эфирінен. Айта кетейік, өткен жылы Мина жазығында 800-ге тарта адам жаншылып өлген болатын. Оның жартысынан көбісін ирандықтар – 464 адам.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді