|
«Болашақ» стипендиясына үміткерлерге екі жылдық жұмыс өтілі жөніндегі талап күшін жойды
|
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Болашақ» бағдарламасын жүзеге асыру аясында жоғары оқу орнын бітіргендерден екі жылдық жұмыс өтілі жөніндегі талапты алып тастау жөніндегі шешім қабылданғандығын хабарлады.
Қазіргі уақытта ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде қабылдауы күтіліп отырған бірнеше түзетулер дайындалды. Бұдан басқа ҚР Білім және ғылым министрлігімен құжаттарды қабылдаудың үшінші кезеңі шеңберінде 15 күнтізбелік мерзімге созылды.
Осылайша екі жылдық еңбек өтілі жоқ үміткерлер «Өз бетінше түскендер» санаты бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясына ие бола алады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді