Бір ауладағы ауызашар (фото)
Бір ауладағы ауызашар (фото)
8 жыл бұрын 3694

Кеше Астаны аспаны ашылмай, жиі жауын жауса да «Түркістан» тұрғын үй кешенінің тұрғындары ауыз бекіткен көршілері үшін аулада арнайы дастархан жайды. «Ауа райы қандай болғанына қарамаңыздар, қазақсыз ба, орыссыз ба немесе кәріссіз бе, бұл да маңызды емес. Бәріңіз шығыңыздар! Ауызашар танысып-білісуге мүмкіндік береді»,-деп айғайлады осы тұрғын үй кешенінің тұрғыны Баян Өксікбаева. Ауызашарды аулада ұйымдастыруға ұсыныс жасаған бойжеткен (осы үйдің тұрғыны – ред.) көршілерімен тілдесіп, кәсіпкерлерге шыққан – бәрі оның бұл бастамасына қолдау білдірді. Тіпті, ғаламторда өз чаттарын да ашты осы шараға байланысты. Осылайша, қазақтың ешкімді бөле-жармайтын кеңпейілділігі көрініс берді. Дастарханға қойылған түрлі дәм-тағамдарды әйелдер үйінен пісіріп әкелді. Біреуі құрт-майын, енді бірі бауырсағын, тағы бірі тәттісін ортаға төкті. Ал палауды аулада жерошақ қазып, сонда пісірді. Бұл бастаманы бір жолғы шарамен аяқсыз қалдырмай, дәстүрге айналдырмақ ниеттерін де жасырмады. Алда Ораза айты жақындап келеді. Бұл мереке күні де аулада дастархан жаймақ. МЖители многоэтажки в Астане устроили пир во дворе дома на ауызашар - новости на Informburo.kz

Жители многоэтажки в Астане устроили пир во дворе дома на ауызашар - новости на Informburo.kz

0 пікір
Мұрағат