|
Банк қоңыраулары енді ресми атаумен көрінеді
|
Заңды тұлғалардан келетін қоңырауларға міндетті таңбалау енгізу мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы цифрлық даму және жасанды интеллект министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.
Жаңа бастаманың мақсаты – телефон алаяқтығымен күресу. Жоспарға сәйкес, банк немесе мемлекеттік органнан хабарласқан кезде телефон экранында жай ғана нөмір емес, ұйымның ресми атауы көрсетіледі. Бұл абонентке қоңыраудың расында ресми ұйымнан келіп тұрғанын бірден түсінуге мүмкіндік береді.
Яғни енді бейтаныс нөмір хабарласқан кезде қай банк немесе мекемеден келіп тұрғаны жазылып тұруы тиіс.
Құжаттағы маңызды нормалардың бірі – құрылғыларды верификациялау жүйесін мемлекет құзыретіне беру. Қазір бұл рәсім жеке компания арқылы жүргізілсе, енді ол министрлік бақылауына өтпек. Бұл азаматтардың жеке деректерін қорғауды күшейтіп, верификациядан түсетін төлемдердің мемлекеттік бюджетке бағытталуына мүмкіндік береді.