«Аналар үйі» – жетімдердің азаюына жол ашатын орталық (видeо)
«Аналар үйі» – жетімдердің азаюына жол ашатын орталық (видeо)
8 жыл бұрын 4144

Алматы облысында жетімдер үйінің бірі жабылды. Алматы қаласының өз басында да ата-анасыз жеткіншектерді тәрбиелейтін орталықтың есігіне келешекте құлып салынбақ. Бұл – 2,5 жыл бұрын қолға алынған жобаның жемісі. «Аналар үйі» – көптеген ана мен баланың бір-бірінен айырылуына жол бермейтін орталық. «Қазақ – жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған ел». «Аналар үйі» – өз баласын өзектен тепкен тасбауыр аналарды азайтуға септесетін жоба. Бұл күні еліміздің 17 қаласында жұмыс істеп тұр. Бір ғана Алматының өзінде 5 орталық бар.  Жұлдыз Құтжанова, ана:       - Өз баламнан бас тартқым келген сәттер аз болмады. «Аналар үйі» көмектеспегенде, қазір қандай халде боларымды кім білген. Көмек қолын созып, мені қатарға қайта қосты. Жұлдыз Құтжанова – жетімдік қамытын жастайын киген жан. 10 айлық ұлы Мансұр да анасыз аңырап қалуы мүмкін еді. Тағдыр тауқыметін тартқан ана шарасыздықтан бір кездері шаранасынан құтылғысы да келді. Қазір ол ойы үшін өзегін өкініш өртейді. «Аналар орталығы» Жұлдыз секілді ел бойынша 1233 ананың баласынан бас тартуының алдын алған.  Айдын Рахымбаев, қамқорлық көрсету кеңесінің мүшесі: - Қазақстанда 21 жетімдер үйі бар. Алдағы жылдары олардың қатарын едәуір азайтуға болатынына сенемін. Қайырымдылықпен айналысушы жандар келешекте бала асырап алу бастамасын көтермек. Ол да ананың мейірімі мен әкенің қамқорлығын аңсайтын жетімдердің қатарын азайтары анық.




 

0 пікір
Мұрағат