Әлем экономикасы халал стандартына ілесе алмай келеді
Әлем экономикасы халал стандартына ілесе алмай келеді
8 жыл бұрын 2959

Ислам экономикасы 2020 жылға қарай екі есе өркендейтін болады. «Thomson Reuters и Dinar Standard» ұйымының жуырдағы зерттеуі нәтижесіне қарағанда, аталған мерзім аралығында шариғат талаптарына сай өндірілген кең қолданыстағы тауарларға жұмсалатын шығын жылына 3,7 триллион  долларға жетеді. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 1,8 триллион долларды құрайды. Ислам экономикасының осынша аз уақыттың ішінде қарыштап дамуына жылдан жылға халал стандартпен өндірілген тауарларға деген сұраныстың артып келе жатқаны өз септігін тигізеді, нақтырақ айтқанда, әлемде мұсылмандар қарасының артуымен байланыстырып түсіндіреді сарапшылар. 2020 жылға қарай халал туризм нарығы 233 миллиард долларға жетеді. Ал ислами қаржы мекемелерінің, яғни банк секторының табысы 3,2 триллион долларды құрамақ.   

0 пікір
Мұрағат