|
2024 жылы халықтың таксиге қанша млрд теңге жұмсағаны анықталды
|
Халықтың агрегаторлар арқылы такси қызметіне жұмсайтын шығыны 2024 жылы шамамен төрттен бірге өсті, деп хабарлайды Data Hub телеграм арнасы.
2024 жылы электронды сауда алаңдары арқылы жалпы сомасы 606,2 млрд теңгенің жолаушылар тасымалы қызметі көрсетілді.
Орташа алғанда, агрегаторлар арқылы сапарларға жан басына шаққандағы шығын жылына шамамен 30 мың теңгені құраса, 2023 жылы бұл шамамен 24,5 мың теңгені құрады.
2024 жылы жүк тасымалдау қызметінің көлемі 610,2 млрд теңгені құрады.
Жалпы, өткен жылы агрегаторлар арқылы жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қызметінің көлемі 1,2 трлн теңгеден асты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Америка штаты мұсылман мейрамын ресми танып, демалыс күндері етіп белгіледі
■
ДТҰ арқылы ұрықтанған балалардың ДНҚ-сынан ерекше ауытқу табылды
■
Халқы ашқұрсақ ел мол өнім алатын ерекше әдіс ойлап тапты (фото)
■
Әлем бойынша жас жігіттер өлім-жітімінің ең негізгі себебі айтылды
■
АҚШ пен Қытай арасындағы технологиялық жарысқа тағы бір ел қосылды