Швейцариялық экологтар 2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионатының жарнамасы үшін сотқа жүгінді
Швейцариялық экологтар 2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионатының жарнамасы үшін сотқа жүгінді
1 жыл бұрын 1013 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Швейцарияның климаттық альянсы 2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионатының климаттық бейтараптылығы туралы «жаңылтпаш» жарнамасы үшін Халықаралық футбол федерациясына (ФИФА) қарсы шағым түсірді. Бұл жайында islam.kz порталы Sport MK ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Атап айтқанда, швейцариялық экологтар ФИФА-ны «климаттық көз бояушылықпен» айналысты, яғни, әлем чемпионатының экологиялық таза турнир ретіндегі имиджін жасайтын жарнамалық әдістерді қолданады, деп айыптап отыр. Десе де Швейцария белсенділері спорттық жарыстардың экологияға қаншалықты зиян тигізгенін нақтыламады. «Біз процестің аяқталып жатқанын растай аламыз», - деді осы тараптағы істі қарайтын Швейцарияның адалдық жөніндегі комиссиясының заң хатшысы Рето Инглин. Бұған дейін ФИФА ресми сайтында Катардағы әлем чемпионатын алғашқы «климатқа мүлдем бейтарап турнир», деп атаған болатын. Алайда, экологтар бұл мәлімдемемен келіспей отыр, олар өз пікірін сотта дәлелдеуге дайын.

0 пікір
Мұрағат