Саудия мен Жапония өзара инвестициялық келісімдерге қол қойды
Саудия мен Жапония өзара инвестициялық келісімдерге қол қойды
1 жыл бұрын 944 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясы мен Жапония өзара инвестицияны арттыруға бағытталған 15 келісімге қол қойды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде  Саудияның инвестиция министрі Халид бен Әбдіәзіз әл-Фалихқа жөн сілтеген aa.com.tr ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сауд Арабиясы-Жапония инвестициялық форумында қол жеткізілген бұл келісімдер Жапония билігінің стратегиялық бағдарына сәйкес 2030 жылға дейінгі кезеңдегі Сауд Арабиясының мүддесін қамтиды. Саудия мен Жапония арасындағы ынтымақтастыққа 60 жылдан асқанын да атап өтті. Сауд Арабиясы мен Жапония арасындағы келісімдер жасанды зерде, спорт, қаржы, банк ісі, полиэфирлерді өңдеу, ауыл шаруашылығы, тамақ, өнеркәсіп, өндіріс, сауда, энергетика, цифрландыру, т.б. салаларын қамтиды. Бұдан бөлек, аталған екі ел арасында таза экологиялық энергетика саласында ынтымақтастық орнату туралы келісімге де қол қойылды.

0 пікір
Мұрағат