Қаңырап қалған қалада қаңсымай тұрған жалғыз ғимарат – мешіт (ФОТО)
|
Агдам мешіті сонау1870 жылы сәулетші Кербалай Сефи-хан Карабагидің бас-көз болуымен салынған. Қазіргі уақытта бұл мешіт қаңырап бос тұр. Яғни, намаз оқылмайды.
1992 жылғы соғыс кезінде Таулы Қарабақ әскерінің қолымен Агдам қаласы жермен-жексен қирап, үйіндіге айналған еді.
Агдам қаласының тарихына келсек, XVIII ғасырда қабырғасы қаланған, бүгінгі таңда қаңырап қалған көне қалалардың бірі. Кезінде бұл қалада тек бақуаттылар мен бай-бағландар тұрған. Әзірбайжан аумағында орналасқан бұл ежелгі шаһардың атауы қаланың қалай пайда болуымен байланысты: Қарабаһ хан өзіне ақ тастан тұрғын үй кешенін салдырған екен. Содан Агдам (біздіңше - Ақ там) атанып кеткен.
Агдамның бүгінгі көрінісі осындай
Агдам мешіті сол дәуірдің дәуренін шағын еске түсіретін бірден-бір орынға айналған. Тіпті, Әзірбайжанда Агдам мешіті бейнеленген маркілер шығарылып тұрады.