Мұсылман туризм бағыты бойынша алғашқы ондыққа кірген ел аталды
Мұсылман туризм бағыты бойынша алғашқы ондыққа кірген ел аталды
2 жыл бұрын 1719 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сингапурде мұсылман туристік нарығын қалпына келтіру әрі дамыту  бойынша өткен Halal In Travel – Global Summit 2022 халықралық саммит аяқталды. Бұл жайында islam.kz порталы UzNews  ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Туризм индустриясының жілігін шағып, майын ішкен мамандар мен кәсіби сарапшылардан іріктеліп, аталмыш алқалы жиынға әлемнің әр түкпірінен келгендер соңғы жылдары трендке айналған халал нарығындағы туризм үлесін бағалап, келешегін бағамдап, келелі мәселелерді талқылады. Осы Halal in Travel Awards саммитінің қорытындысы бойынша тарихы тым арыда жатқан Самарқан қаласы "Жылдың ислами мұрасы" (Islamic Heritage Destination of the year) атаулы сыйлығына ие болды, ал Өзбекстанның өзі "жылдың мұсылмандар үшін ең жақсы дамып келе жатқан бағыты" (Top Muslim-Friendly emerging destination of the year) аталымы бойынша бәйге жеңімпазы атанды. Бұдан бөлек, Өзбекстан туризм индустриясыда жыл сайын жарияланатын Crescent Rating рейтингісінде - World Muslim Travel Index тізімінде алғашқы ондық құрамына кіретін ел ретінде белгілі. Бұл рейтингте сарапшылар 40-тан аса өлшемді басшылыққа алады, соның ішінде туристерге жағдай жасау, көне ескерткіштер, т.б. ескеріледі. Crescent Rating ұйымының жетекшісі Фазыл Бахардин Өзбекстанның туризм саласындағы ұтып тұрған жері - тарихи жәдігерлердің молдығынан деп біледі, Осы орайда, биыл аталған ел аумағында тағы 35 мейрамхана мен 4 мейманхана халал сертификатына ие болғанын айта кетпекпіз. 

Ұқсас материалдар: 

"Туризм үлесін ұлттық табыстың 10 пайызына жеткізуді көздеп отыр" (https://islam.kz/kk/news/alem/turizm-ulesin-ulttyq-tabystyn-10-paiyzyna-jetkizudi-kozdep-otyr-16952/#gsc.tab=0);

"Еуропадағы мұсылман туристерге ең жайлы ел аталды" (https://islam.kz/kk/news/alem/europadagy-musylman-turisterge-en-jaily-el-ataldy-16931/#gsc.tab=0);

"2015 жылдан бері "ең үздік халал туризімінің бағыты" мәртебесін сақтап келе жатқан ел" (https://islam.kz/kk/news/alem/2015-jyldan-beri-en-uzdik-halal-turiziminin-bagyty-martebesin-saqtap-kele-jatqan-el-16895/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат