Мешіт алғаш рет 3D-принтерінде басылып шығарылады
Мешіт алғаш рет 3D-принтерінде басылып шығарылады
1 жыл бұрын 1623 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: parsian3d.com

Дубай билігі қалада тұтастай 3D-принтерінде басылып шығатын әлемдегі алғашқы мешіт жобасын қолға алатыны турасында жариялады. Бұл жайында islam.kz порталы аталған араб елінің The National мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «3D басып шығару технологиясын қолдану құрылыс материалдарының шығынын азайтады. Сонымен қатар, бұл әдіс табиғатқа зиян келтірмейді және біздің дана басшылығымыздың көрегендігін көрсетеді», - деп мәлімдеді әмірліктің Ислам және қайырымдылық департаментінің бас директоры Хамад аш-Шәйбани мұндай жобаның артықшылығын айта келіп. Аталмыш жоба бойынша жұмыс істейтін инженерлер тәжірибелік сипатта болғандықтан, құрылыс әдеттегі әдіспен мешіт салуға қарағанда 30 пайызға қымбатқа түсетінін мойындады. 3D технологиясы компьютерлік белгілерге сәйкес тез қататын құрылыс материалының қабаттарын төсеуді қарастырады. Жалпы аумағы 2 мың шаршы метрді құрайтын мешіт құрылысының  басталуы 2023 жылдың қазан айында жоспарланған. Оны 3D басып шығаруға төрт ай қажет, ал ғимаратты құлшылық етушілерге қажетті барлық заттармен жабдықтау үшін тағы бір жыл қажет. Жоба 3D басып шығару технологиясын дамыту және 2030 жылға қарай әмірлік астанасын осы саладағы әлемдік көшбасшыға айналдыру стратегиясының бөлігі ретінде жүзеге асырылуда.

0 пікір
Мұрағат