Сауд Арабиясы Мысырдың су қауіпсіздігін қолдайтынын білдірді
Сауд Арабиясы Мысырдың су қауіпсіздігін қолдайтынын білдірді
1 жыл бұрын 911 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: almogaz.com

Сауд Арабиясы Мысырдың су қауіпсіздігін толық қолдайтынын және оны қорғау үшін Каир қабылдаған барлық шаралармен ынтымақтасатынын мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мысыр Сыртқы істер министрі Самех Шүкрі мен Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсал бен Фархан әл Саудтың Ер-Риядта екі араб елінің комитетінің саяси кеңесінің қорытындысы бойынша жасаған бірлескен мәлімдемесінде айтылғандай, Саудия билігі Эфиопияны «саяси ерік-жігер танытуға» және «Жаңғыру» гидро (су)-электр стансасына қарсы біржақты шара қолданбауға» шақырды. «Бөгенді толтыру және пайдалану ережелері бойынша міндетті құқықтық келісімге келу керектігін ескертті. Осы орайда 2012 жылдан бері Эфиопия билігінің Нілдің төменгі ағысында орналасқан Мысыр және Судан елдерімен Ніл суын пайдалану және «Жаңғыру» деп аталатын ұлттық су қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытығдағы стратегиялық ГЭС-тің су қоймасын толтыру мерзімі туралы келіссөздер жүргізіп келе  жатқанын айта кетпеске болмайды. Тараптар бұл бағытта толық келісімге келмесе де Эфиопияның федералды билігі біржақты шешім қабылдап, су қоймасын Көк Ніл суымен толтыра бастаған еді. Судан мен Мысыр Эфиопияның тиісті халықаралық шарт қабылдамай-ақ су қоймасын толтыруды тоқтатпай отырғанына наразылық білдірумен келеді.

Ұқсас материалдар:

«Үш мемлекет Нілдің суын бөлісе алмай жатыр» (https://islam.kz/kk/news/alem/ush-memleket-nildin-suyn-bolise-almai-jatyr-10881/#gsc.tab=0);

«Мысырлықтардың басына қара бұлт үйірілді» (https://islam.kz/kk/news/alem/mysyrlyqtardyn-basyna-qara-bult-uiirildi-13908/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат