Леонардо да Винчидің анатомиясынан бұрын хатқа түскен ислами медициналық кітап табылды
Леонардо да Винчидің анатомиясынан бұрын хатқа түскен ислами медициналық кітап табылды
1 ай бұрын 907 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Адам анатомиясына қатысты ең ежелгі (14-ші ғасырға тән) сирек кездесетін қолжазба табылды. Баға жетпес құнды жәдігер Саудия астанасындағы корол Әбдіәзіз атындағы көпшілікке арналған кітапханаға тапсырылған. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Адам денесінің анатомиясы» деп аталатын кітапта адамның ішкі ағзалары бейнеленген. Оны Мансұр бин Мұхаммед бин Ахмет бин Жүсіп бин Ілияс әл-Кашмири жазған. Аталмыш кітап Андреас Везалия есімді белгиялық дәрігер мен әлемге әйгілі италиялық Леонардо да Винчидің медициналық тақырыптағы еңбектерінен бұрын хатқа түскен. Кітапта түс пен сызық шебер пайдаланылған. Автор сол кездегі ислами өнерге тән миниатюр элементтерін жетік пайдаланған. Аталмыш кітапта адам қаңқасы, жүйкесі, бұлшық еті, күретамыры, қан тамырлары, бет-жүзі, мұрны, бауыры, т.б. ағзалары сипатталған. Бұдан бөлек, автор артерияның қызметін (функцияларын) егжей-тегжейлі сипаттаған, бұдан бөлек, жүректің сол және оң қарыншаларынан шығатын тамырлар туралы да айтып өтеді.

0 пікір
Мұрағат