Өмір бойы бас бостандығынан айырылғандарға ғашықтық хат жазысуға тыйым салынды
Өмір бойы бас бостандығынан айырылғандарға ғашықтық хат жазысуға тыйым салынды
3 жыл бұрын 1159 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Дания билігі ауыр қылмыс жасап, өмір бойы бас бостандығынан айырылғандарға жазасын өтеу мерзімінің алғашқы он жылдығында ғашықтық хаттар жазысуға тыйым салу қарастырылған заң жобасын ұсынды. Тұтқындарға тек туған-туыстарымен және жақын таныстарымен ғана жүздесуге рұқсат етіледі. Осылайша қалған өмірін түрмеде өткізетіндердің фанаттарының пайда болуына жол бермеуге бекініп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы BBC ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заң жобасының әзірленуіне Камилла Курштейн есімді 17 жастағы жасөспірімнің 2018 жылы өмір бойы бас бостандығынан айырылу жазасына кесілген Петер Мадсенге деген көзсіз махаббаты мен ессіз әрекеті түрткі болып отыр. Кезінде Ким Уалл есімді тілшінің қанын мойнына жүктеп, денесін бөлшектеп тастағаны үшін осындай жазаға кесілген қандықол қылмыскермен Камилла Курштейн екі жыл бойы хат алмасып, телефон арқылы тілдескен болатын. Алайда, 2020 жылы қылмыскер Финляндиядан саяси пана сұраған Дженни Курпен есімді 39 жастағы ресейлікке үйленеді. Камилла Курштейн оны қызғанып, азап көрген болатын. Бұл «ғашықтық хикая» қоғамді кәдімгідей елеңдеткен болатын. Осыны ескерген Дания билігі, дәлірегі, әділет министрі Ник Хеккеруп түрменің таныстық орны еместігін алға тартып, оны қылмысты насихаттайтын медиаға айналдыруға қарсы екенін мәлімдеген болатын. Аталған заң жобасында, сондай-ақ, ұзақ мерзімге түрмеде жазасын өтеуге кесілген тұтқындарға әлеуметтік желіде өзінің қылмысы туралы азба жарияламауы тиіс деген талап енгізілген. Десе де құқық қорғаушылар бұл бастаманы адамның жеке өміріне қол сұғу әрекетімен бірлей көретінін әрі сөз бостандығына шектеу деп бағалап, наразалық білдіріп отыр.

0 пікір
Мұрағат