Жартылай қираған тарихи мешітті еуропалық ел қалпына келтіретін болды
Жартылай қираған тарихи мешітті еуропалық ел қалпына келтіретін болды
2 ай бұрын 479 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Италияның Археология дирекциясы Мароккодағы 2023 жылы жер сілкінісі кезінде жартылай қираған тарихи мешітті қалпына келтіру жұмыстарын өз мойнына алды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Yabiladi ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 12 ғасырда салынған Тинмел мешіті мароккалықтардың ғана емес, сонымен қатар, күллі адамзат өркениетінің бірегей сәулет өнеріне жатады. Марокконың батысындағы Марракеш шаһарын бағындырған Әлмахад династиясы тұрғызған орта ғасырлық мешіт туристер келіп тамашалайтын көрікті нысандардың бірі. Бүкіл әлемдік мәдіни мұралар тізіміне енуі тиіс ғибадат ғимараты қабырғасы тегіс қорғанды немесе қамалды көз алдыңа әкеледі. Айрықша мешіттің туристерді қызықтыратын ерекшелігі - оның көптеген ат тағасы тәрізді аркалары. Италия өзінің тәжірибелі сәулетшілерінің бірі Алдо Жоржио Пецциді Мароккоға зілзаладан ішінара қираған мешітті қалпына келтіруге көмектесу үшін жібереді. Италияның мәдениет министрлігімен және Марокконың уақап және ислам істері министрлігі келісімі бойынша жүргізіледі қалпына келтіру жұмыстары.

0 пікір
Мұрағат