Араб компаниялары әкелер демалысының мерзімін ұзартады
Араб компаниялары әкелер демалысының мерзімін ұзартады
5 ай бұрын 851 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен араб әмірлігіндегі компаниялар балалы болған әкелерге нәрестесімен көбірек уақыт өткізуге мүмкіндік беру үшін әкелік демалыс мерзімін ұзартатын болды, сонымен қатар, басқа да қолдау шараларын ұсынады. Бұл жайында islam.kz порталы The National News ақпарат көзіне сілтемем жасай отырып мәлім етеді. БАӘ-нің еңбек заңнамасына сәйкес әкелер бес күндік демалысқа шығуға құқылы, дегенмен, компаниялардың көбісі бұл мерзімнен де көп күнге демалыс ұсынады. Әбу-Дабидің ерте балалық шақ әкімшілігінің Parent-Friendly Label («Ата-анаға достық белгісі») сыйлығын алған компаниялардың бірі әкелер үшін демалыс мерзімін 14 күннен 30 күнге дейін ұзартты. Басқа компаниялар әкелік демалыс мерзімін түгел бірден пайдалануға немесе бөлуге болатын 10 күннен 26 аптаға дейінгі демалысты ұсыну үшін бұл бағыттағы ережесені қайта қарап жатыр. Кейбір компаниялар перзент сүйген қызметкерлерге жұмыс кестесін қолайлы құруға немесе қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл тараптағы түрлі зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, бала күтіміне байланысты демалысқа шыққан әкелердің баласының жанында болуы нәрестенің жетілуіне және отбасылық қарым-қатынасына оң әсерін тигізеді. Өткен жылы «UN Women» құрылымы жүргізген зерттеу Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада әкелік демалысты арттыруға жоғары қолдау (86%) көрсетілген көрсетіп берді. Сауалнамаға қатысқан ерлердің үлкен бөлігі (76%) балаларымен тым аз уақыт өткізетініне шағымданған, бұл көрсеткіш 2020 жылғы Біріккен Ұлттар Ұйымының зерттеу нәтижесіне сәйкес, араб елдеріндегі ер адамдар бала күтіміне бір сағат жұмсайтынын, ал әйелдердің 4,7 сағат жұмсайтынын растады. Бұл алшақтық әлем бойынша осы саладағы ең жоғары айырмашылықты көрсетеді.

0 пікір
Мұрағат