Інжілдің толық мәтіні 719 тілге аударылған
Інжілдің толық мәтіні 719 тілге аударылған
2 жыл бұрын 1823 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2021 жылы Біріккен Інжіл қауымдастығы христиандардың киелі кітабын тағы 90 тілге аударған екен. Бұл жайында islam.kz порталы христиандардың inVictory мегапорталына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тарихқа сәл шегініс: әлемнің 240 елінде жұмыс істейтін 150 інжілдік қауымдастықтан тұратын Біріккен Інжілдік қауымдастық 1946 жылы Англияның Суиндон қаласында құрылған. 2022 жылдың бас кезінде Інжілдің толық мәтіні 719 тілге аударылған, 8 млрд-қа жетеғабыл адамзаттың 5,8 млрд-ы пайдаланатын тілдерге аударылған. Інжілдің бұл аудармаларының 70%-н Біріккен Інжіл қауымдастығының мүшелері тәржімелеген екен. 7,1 миллиард адамның өз тілінде Інжіл бөліктерінің аудармасы бар. 2021 жылы Інжілдің 90 аудармасы аяқталды. Бұл Інжілді немесе оның бөліктерін қосымша 794 миллион адамға, яғни, әлем халқының шамамен 10% -на пайдалануына жол ашады. 

0 пікір
Мұрағат