Ғасыр аяғына дейін қанша тіл жойылуы мүмкін
Ғасыр аяғына дейін қанша тіл жойылуы мүмкін
2 жыл бұрын 1657 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлем бойынша ресми танылған жеті мың тілдің шашамен жартысына жойылу қаупі төніп тұр. Осы ғасыр аяғына дейін мың жарым тіл жер бетінен жойылады. Австралия ұлттық университетінің ғалымдары осындай тұжырымға келіп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы anu.edu.au ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Линделл Бромхэм есімді ғалымның айтуынша, келесі 40 жыл ішінде тілдердің жойылу процесі қарқын алады. Оған түрлі факторлар, соның ішінде, қадай да бір тілге деген сұраныстың төмендеуі, қандай да бір тілдің иесі – халықтардың жойылуы немесе өзге тілге өтуі, т.б. әсер етпек. Ғалымдар бұл тарапта тілдің жойылуын тездететін 51 факторды сарапқа салған екен. Сондай факторлардың бірі – жол инфрақұрылымы. Ғалымдардың сөзіне қарағанда, жол неғұрлым көп болған сайын тілдердің жойылу қаупі артады, әсіресе, қала мен ауылдық жерлер арасындағы жолдар қолданылу аясы шағын тілдірдің жойылуына ықпал етеді. Яғни, белгілі бір аумақта ғана тұратын қандай да бір ұлт өкілдері қатынау арқылы өз мәдениетін жоғалта бастайды.

0 пікір
Мұрағат