Әлемді айрықша ауру жайлап барады
Әлемді айрықша ауру жайлап барады
2 жыл бұрын 3231 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Күллі әлем бойынша өзгеше ауру етек алып барады – суыққа аллергия. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Мәскеу қалалық аллергология және иммунология орталығының маманы Наталья Мальцеваға жөн сілтеген «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның сөзіне қарағанда, әлемнің ыстық ең нүктесі саналатын Африка құрлығында да адамдар суық есекжемнен зардап шегіп жатыр – теріде пайда болатын түрлі көлемдегі көпіршік тәрізді бөртпені меңзеп отыр-ред. Суыққа аллергиялық реакция суық затпен жанасқанда немесе күн суығанда пайда болады. Суыққа аллергиялық реакция тек қыс мезгілінде ғана емес, жазда да қылаң береді. Мұндай аллергияның сирек кездесетін көріністеріне дерматит (терімен байланысты реакция) және тұмаудағы секілді мұрынның бітуі (су ағуы) жатады. Кейде суыққа қатысты аллергиялық реакция қауіпті синдромға ұласады – организм қайта суықтағанда анафилаксияға ұласуы мүмкін – қан деңгейі күрт төмендеп, ауырсыну түрінде көрініс береді. Мұндай реакциядан адамның өліп кету қатері 20 пайызға артады. Ал екінші жағынан, аяз организмге пайдалы. Қысқы ауа температурасы адамның жүйке жүйесінің тонусын арттыырп, зат алмасу процесін тездетеді, организмнің улану қатерін (интоксикация – тіндерге улы заттардың енуі) төмендетеді, қан тамырының соғысын баяулатады.

0 пікір
Мұрағат