Франция бұрын өзі отарлаған елдердің мәдени мұраларын қайтаратын заң қабылдады
Франция бұрын өзі отарлаған елдердің мәдени мұраларын қайтаратын заң қабылдады
2 сағат бұрын 63 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Францияның ұлттық жиналысының заң шығарушы өкілдері бұрын француз отары болған елдерден ұрланған өнер туындылары мен жәдігерлерді қайтару процедурасын жеңілдететін заң жобасына бірауыздан дауыс берді. Ал сенат қаңтар пайында ааталмыш заң жобасын мақұлдаған болатын. Бұл жайында islam.kz порталы Africanews ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жақында Алжир, Мали және Бенин сияқты елдер Франция билігінен артефактілерді қайтапуды талап еткен болатын. Аталған еуропалық елдің бұл заң жобасы ЮНЕСКО-ның мәдени мұраны қорғау туралы конвенциясы күшіне енген 1815-1972 жылдар аралығында алынған отар елдерден заңсыз Францияға тасымалданған мәдени құндылықтарды қайтаруды оңайлатуға бағытталған. Десе де заңсыз алынған кей бұйымдар қайтарылмайды. Олардың қатарында әскери құралдар, археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер Францияның өзінде қалатын болды. Осы орайда бұрын отарындағы елдерді тонап заңсыз тасып әкеткен мәдени әрі тарихи маңызы зор жәдігерлердің мемлекет қазынасына қыруар қаржы тартатын кіріс көзі бола алатынын айта кетпекпіз. Әдетте шетелдік саяхатшылар әр елдің туристік инфрақұрылымына, тарихи ескерткіштеріне, өзіндік, ұлттық нақыштағы сәулетіне, сондай-ақ, мәдени мұраларына қызығады. Жәдігерлер - туристерді тартудың құралы. Осылайша Франция тарихи әділеттілікті орнатуда маңызды қадам жасады. 

0 пікір
Мұрағат