Араб ғалымдары Паркинсон дертіне қарсы жаңа молекула тапты
Араб ғалымдары Паркинсон дертіне қарсы жаңа молекула тапты
2 сағат бұрын 38 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен араб әмірлігінің ғалымдары Паркинсон ауруымен тиімдк күресуге мүмкіндік беретін молекуланы тапты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Science Translational Medicine мерзімді басылымына жөн сілтеген The National ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әбу-Дабидегі Нью-Йорк университетінің (NYU Abu Dhabi) ғалымдары Паркинсон ауруының дамуын баяулататын жаңа SK-129 молекуласын әзірлеуге атсалысты. Адамдарға сынақ әлі жүргізілмесе де тіндер мен тышқандардағы сынақтар нәтижесі молекуланың осы аурумен байланысты мидағы ақуыз шөгінділерінің пайда болуына жол бермейтінін көрсетті. Егер SK-129 молекуласы тиімділігін толық дәлелденсе, Паркинсон дертін еңсеруге мүмкіндік туады. Осы орайда бүгінде бұл бағыттағы ем-дом негізінен ауру себебімен күресуге емес, симптомдарды жеңілдетуге бағытталған. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Мазын Мағзұб есімді NYU Abu Dhabi доценті молекуланың ақуыз агрегациясының алдын алуға қауқарлы келетінін мәлімдеді. Ең бастысы – бұл молекула мидың қорғаныс қабатынан, яғни, гематоэнцефалды тосқауылдан өте алады. Бұл қабілет ми ауруларын емдеуде маңызды рөл атқарады. Молекула қазіргі уақытта патенттеліп қойған. Ол ол ма, бұл жаңалықтан құлағдар биотехнологиялық компаниялар молекуланың қауқары мен қабілетіне назар аударағ бастаған. Деседе клиникалық сынақтар жүргізуге әрі коммерциялық мақсатта пайдалануға бірнеше жыл кетуі мүмкін. 

0 пікір
Мұрағат