15 жылдан соң бір елдің өзінде қарттарды күтуге 1 млн-дай жұмысшы күшінан тапшылық көретін ел аталды
15 жылдан соң бір елдің өзінде қарттарды күтуге 1 млн-дай жұмысшы күшінан тапшылық көретін ел аталды
2 сағат бұрын 58 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік Кореядағы халықтың қартаю процесінің қарқын алатыны соншалық, 2043 жылы қарттарды күтудің өзіне 990 000 мың маман жетіспейтін болады. Бұл жайында islam.kz порталы The Chosunilbo ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осыны ескерген таңғы шық елінің билігі бұл тығырықтан шығудың екі нұсқасын қарасырып жатыр: шетелден жұмысшы күшін белсенді түрде тарту және күтуші роботтар технологиясын дамыту. Кореяның даму институты (KDI) таяуда «Егде адамдарға күтім жасау саласындағы жұмыс күшінің перспективалары мен саяси бағыттары *» атты баяндамасын жариялады, онда осы түйткілдерге қатысты қорытындылар егжей-тегжейлі баяндалған. Бұл бағыттағы есеп пен талдау нәтижесіне сәйкес ұзақ мерзімді күтім көрсету қызметтеріне сұраныс 2043 жылға қарай 2023 жылмен салыстырғанда 2,4 еседен астам ұлғаятынын көрсетті. Алайда, күтім бойынша қызметкерлердің ұсынысы төмендегенге дейін 2034 жылы ары кетсе 806 000-ға жетеді. "2043 жылы күтім бойынша бір қызметкерге түсетін ауыртпалықты 2023 жылғы деңгейде ұстап тұру үшін қосымша 990 000 күтім бойынша жаңа қызметкер қажет», деп айтылған хабарламада. 2023 жылғы дерекке қарағанда, қарттарды күтумен айналысатын шетелдік қызметкерлер барлық күтім бойынша қызметкерлердің 0,9% -ын ғана құрайды, яғни, бұл крсеткіш шетелдікктердің өте аз үлесті құрайтынын көрсетіп береді. KDI осы тарапта күтім көрсету мекемелерінде қызмет көрсету саласында жұмысқа орналастыру бойынша қолданыстағы квотаны 63 000-ға дейін арттыру шетелдіктерді тартуға мүмкіндік беретінін алға тартып отыр. Шетелдіктерді қарттарды күту саласындағы жұмысқа тарту үшін арнайы виза режимін енгізу, кәсіптік оқытудың бағдарламасын әзірлеу, т.б. кешенді іс-шараларды жүзеге асыруды ұсынып отыр. Ал роботтар күтушілердің иығына түсетін ауыртпалықты 50%-ға дейін жеңілдете алады. Бүгінгі таңда қарттарды күту мекемелерінің 51,8%-ы мемлекет меншігінде болғандықтан билік тарапынан қабылданған іс-шаралар шетелдіктерді жұмысқа тартуда қиындық тудырмауы тиіс.

Caregivers care for the elderly at a nursing home in Yangju-si, Gyeonggi Province. Domestic nursing facilities struggle with a shortage of care workers, including caregivers. Photo unrelated to article content. Photo by Kim Ji-ho

0 пікір
Мұрағат