Еуропадағы теологиялық білімнен дінтанулық білімге бет бұру
Еуропадағы теологиялық білімнен дінтанулық білімге бет бұру
6 жыл бұрын 3177

Карл Стеркенс, Нидерланды Радбауд университетінің профессоры, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  дінтану және мәдениеттану кафедрасының докторантарына дәріс оқу барысында өз елдеріндегі жағдайға байланысты дәріс түрінде ақпаратымен бөлісті. Нидерланд еліндегі университетте теологиямен дінтану арасындағы айырмашылық жөнінде толығырақ тоқталып өтті. Теология мен дінтану тақырыбына тоқталу барысында Еуропалық университеттердегі дінтану әуел бастан католиктік теологиядан бастау алып, университеттердегі теологиялық білім толығымен бақылауға алынған. Соңғы уақытта студенттердің теологиялық білімнен дінтанулық білімге ауысуы байқалады және бұл жаһандық әлемнің әсерінен болуы мүмкін екендігін айтты. Дінтану теологияға қарағанда әлде қайда ұтымдырақ, себебі қоғамның көптеген талаптарына жауап бере алады. 

Осы орайда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың дінтанулық бағдарламаларымен танысып, мамандар дайындаудағы ерекшеліктерін көзбен көру мен үшін аса маңызды болды. Мен дінтану мамандығы бойынша докторлық диссертацияға жетекшілік етуге келісім бергенімде осы мақсаттан туындады. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті Орталық Азиядағы беделді университет болып табылады, ғылым мен білім халықаралық интеграциялануға бағдарланған. Дінтану және мәдениеттану кафедрасымен бірлесе отырып докторлық бағдарлама жасаудың перспективалары нәтиже береді деп сенемін.

 

 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Айнұр Құрманалиева, 

меңгеруші орынбасары Маржан Аликбаева 

0 пікір
Мұрағат