Түркия тарихындағы діни жағдайды таныстырды
Түркия тарихындағы діни жағдайды таныстырды
6 жыл бұрын 6439

Ахмет Ташгын, Түркиядағы Эрбакан университетінің профессоры, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының докторантарына дәріс оқу барысында өз елдеріндегі жағдайға байланысты дәріс түрінде ақпаратымен бөлісті. Ол Түркия мемлекетінде дінтану пәні қалай жүргізілетіндігі жайына тоқталды. Түркия елінің тарихынан белгілі 1920 жылы мемлекет бойынша медреселер жабылып қалды. Сол медреселердегі ғалымдар өлім жазасына кесілді. Ал енді сыртқа кетпеген ғалымдар өз ауылдарына барып шаруашылықпен айналысты. Мешіттерде азан шақыруға тиым салынды. Бұл 1920-1944 жж. арасында жалғасты. 1944 ж. кейін көп партиялы өкімет келді. Осы кезеңде Илахият, дінтану факультеті құрылды. Бұл факультет ашылғанымен ол арада терең түсіндіретін ғалымдар болмады. Болқан түбегіне қоныс аударған ғалымдар қайта орала бастады.

1970 ж. әлемде өзгеше көзқарас пайда болды. 80 жылдардан илахият біріктірілді. Қазіргі таңда шамамен 130 шақты университетте илахият факультеті бар. 1940 жж. Илахият факультеттерімен қоса медреселерде құрыла бастады. Азан айтуғарұқсат етілді,алайда түрік тілінде. Мысалға келтіретін болсақ,Имам Хатиб лицейін бітірген адам міндетті түрде имам болады деген ұғымды білдірмеді. Модернистік тұрғыдан білім беру жолға қойылды. Дегенмен оның расында жаңа заманға сай, сай еместігі түрік қоғамында талас тудырды. Дінтану болсын, исламтану болсын негізін батыстан алғандықтан өзіне тән бір жол қалыптастыра алмағаны өкінішті. Имам Хатиб лицейлері саясаттан тыс халықтың мұқтажына байланысты қалыптасты. 

Осы орайда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың дінтанулық бағдарламаларымен танысып, мамандар дайындаудағы ерекшеліктерін көзбен көру мен үшін аса маңызды болды. Мен дінтану мамандығы бойынша докторлық диссертацияға жетекшілік етуге келісім бергенімде осы мақсаттан туындады. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті Орталық Азиядағы беделді университет болып табылады, ғылым мен білім халықаралық интеграциялануға бағдарланған. Дінтану және мәдениеттану кафедрасымен бірлесе отырып докторлық бағдарлама жасаудың перспективалары нәтиже береді деп сенемін.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі Айнұр Құрманалиева, 

меңгеруші орынбасары Маржан Аликбаева

0 пікір
Мұрағат