Еуропадағы мұсылмандар көрсеткіші
Еуропадағы мұсылмандар көрсеткіші
8 жыл бұрын 3022 ummet.kz

"Pew Researsch Center" зерттеу орталығы Еуропадағы мұсылмандар туралы басты фактілерді жариялады. "Delfi" литвалық портал бұл жайында қысқаша баяндама жасады.

Еуроодақта ең көп мұсылман қауымы екі елде – Франция мен Германияда өмір сүруде. Францияда 4,7 миллион мұсылман бар, бұл елдегі жалпы халықтың 7,5%-ын құрайды. Германияда бұл көрсеткіш сәл жоғары – 4,8 миллион мұсылман, бірақ жалпы халықтың – 5,8%-ын құрайды.

Ал Ресей Федерациясында мұсылман қауымы – 14 миллион. Мұхаммед (с.ғ.с.) үмметі елдегі халықтың 10%-ын құрайды. Латвияда мұсылмандар0,1%-ін құрайды. 

0 пікір
Мұрағат