Әлемдегі ең байырғы мұзтаулар (фото)
Әлемдегі ең байырғы мұзтаулар (фото)
8 жыл бұрын 5716 Baq.kz Ұларбек Дәлейұлы

Ұлыбританиядағы «Күнделікті пошта газетінің» саяхат бағдарламасы Антарктида, Арктика, Криан аралы және Исландия қатарлы байырғы мұз құрсанған таулардың көркем көріністерін жинақтаған. 

Аталған таулардың көрінісі көркем болып ғана қоймай, саяхаттау барысында, тағы бір талғам көбейген деседі. Ол болса, осы мұз құрсанған таулардың қалыптасу мезгілінің ұзақтығы еді.

Мюрдальсйокудль Исландияның оңтүстігіндегі мұздық. Рейкьявик қаласынан оңтүстік-шығысына қарай 180 километр қашықтықта және Эйяфьядлайокюдль мұздығынан шығысқа қарай 20 километр қашықтықта орналасқан. Мюрдальсйокудль шыңының биіктігі – 1493 метр, 1980 жылдың күйіне қарай мұздықтың аумағы 595 км² құрайды. Мұздықтың оңтүстік-шығыс бөлігінің астында, кальдера диаметрі 10 километрді құрайтын және 40-80 жылда атқылап түратын Катла белсенді жанартауы орналасқан.

Арктика, негізінен, ежелгі кристалды қалқандар мен платформалардан, қатпарлы құрылымдардан (палеозойлық, мезозойлық, альпілік) тұрады. Плиоцен дәуірінде жүрген төмен түсу процестері нәтижесінде Солтүстік Мұзды мұхиттың басты қазан шұңқырлары қалыптасқан. Төрттік кезеңде жанартаулық және мұздану процестері жүрген. Арктика жерінің көп бөлігі жазықта, төмен орналасқан. Соңғы мұз дәуірінде бұл аймақты мұз құрсаулары басып қалды. Осы кезеңде мұз сүнгілер жердің үстінгі қабатын қопарып, орнына жаңа мұз таулары мен қыраттарды қалдырды. Арктиканың басқа бөліктерінен мұз уйінділерін де кездестіруге болады. Тундра деп аталатын ормансыз жазықтық далалар Солтүстік Ресей мен Канадада орын кепкен. Кейбір арктикалық аудандарда таулар да жиі кездеседі. Канаданың архипелагы Баффин жері мен Элсмир аралында теңіз деңгейінен 6000 - 8000 метр биіктіктегі мұзтаулар бар. Гренландияның шығысы мен батысындағы мұз шыңдар одан да биік, аспанмен таласады. Бұл аумақ көлемі 21 млн. шаршы шақырым.

Санаққа қарағанда, әр жылы неше мыңдаған мұз осы таулардан еріп, тастай суық теңізге ағып қосылады екен. Мұның ішінде, тек 10 пайыздайы ғана айналасындағы мұзды таулар су бетінде көрінсе, қалған көптеген мұзды таулар сол сулардың астында жататын көрінеді. Бұл мұзды таулар уақыттың өтуімен қалыптасып, тіпті, кейбіреулерінің пайда болғанына 30 мың жылдан асыпты.

 
 
 
 
 
 
 
0 пікір
Мұрағат