Аса қажетті металдың бір түрі тапшы ресурсқа айналатын болды
Аса қажетті металдың бір түрі тапшы ресурсқа айналатын болды
2 жыл бұрын 1455 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Енді бір он жылдан кейін әлемде мыс тапшылығы орын алады. Бұл жайында әлемдегі BHP Group  аса ірі тау-кен өнеркәсібінің жетекшісі Майк Генри Лондон қаласында өткен салалық жиында мәлімдеді. Бұл туралы islam.kz порталы Bloomberg ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 2020 жылдардың соңына қарай орын алатын мыс тапшылығына, Майк Генридің пікірінше, жаңғыртылатын энергия көздеріне жедел көшу мен тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс күрделілігіне байланысты туындайтын сұраныс пен ұсыныстың арасындағы айырмашылық себеп болмақ. BHP Group жетекшісі бұл саладағы компанияларға моры қол, яғни, бай кен орындарын табу қиындап бара жатқанын мәлімдеді. Осындай қиындыққа байланысты аталған ресурс бағасы көтеріліп, мыс өндірісін тиімсіз салаға айналдыруы мүмкін, деді Trafigura Group металдар мен минералдар саудасының басшысы Коста Бинтас. Бұл арада мыс бағасының наурыз айындағысымен салыстырғанда үштен бірге арзандап, құлдырағанын айта кету керек. Бұл жайт өз кезегінде кейбір жаңа кен орындарын ашудың тиімсіз болуына әкеліп соқты. Мысалы, Ньюмонт тау-кен алыбы жақында Перуда алтын мен мыс өндіруге 2 миллиард доллар инвестициялау жоспарынан бас тартты. Ал жаңа кенішті игеру және іске қосу үшін кемінде он жыл қажет болғандықтан, өндірушілердің қазіргі шешімдері нарыққа 2030 жылдардың басында ғана әсер етеді.

Қосымша мәлімет: қазіргі қолданыстағы металдар ішінде адамзаттың ең алғашқы игеріп, игілігіне жаратқаны мыс болатын. Сонау алғашқы қауым­дық құрылыс тұсында адам баласы құрал ретінде тастан кейін мыс­ты қолына ұстады. Мыстан кейін барып қалайыны игерді. Тас дәуірі­нен кейінгі бұл кезең тарихта қо­ла дәуірі ретінде белгіленіп қалды. Кейбір сарапшылар өнеркәсіптік өнді­ріс­те өздігімен қозғалатын электро­кар­ларға және электр қуатымен жүретін көлік түрлеріне деген сұраныстың артуы алдағы уақытта мыс өндірісіне қосым­ша серпін береді деп санайды, дәлірегі, мысқа деген сұра­нысты арттырады. Өйткені, әрбір электро­карды жасау үшін 80 келі мыс пай­да­ланылады. 

0 пікір
Мұрағат