|
Әнші Бүркіт екінші ұлына сахабаның есімін қойды
|
Әнші Бүркіт жақында өмірге келген сәбиіне Омар деп ат қойды, - деп хабарлайды Baistars.kz.
Бұл туралы әнші өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді. Бұл есімді әншінің әкесі таңдапты.
"Ал, құрметті ағайын, достар, жерлестер! Атасы азан шақырып, немересінің есімін Омар деп қойды. Екінші ұлымның есімі Омар Бекжігіт. Алла разы болсын! Дені сау үлкен азамат болып өссін. Елінің сүйікті ұлы болсын! Атсалысқан достарға үлкен алғысым! Сіздер барда біз бақыттымыз, халқым", - деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.
Еске салайық, осыдан бірнеше күн бұрын әнші Бүркіт пен оның жұбайы Аиша екінші рет ұлды болды. Жұптың бұдан өзге Зеиін есімді ұлдары бар.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді