|
Абайдың қанатты сөздері қоғамдық көліктерге ілінді (видeо)
|
«Пайда ойлама, ар ойла», «Сенде бір кірпіш дүниеге кетігін тапта бар қалан», «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын». Ұлы Абайдың – еңбек, ар-намыс, ел бірлігі мен ұрпақ келешегі жайында айтқан қанатты сөздері Талдықорғандағы қоғамдық көліктерге ілінді. Аялдамада тұрған адамдар автобустың қабырғасына жапсырылған сөздерге ерекше ықыласпен зер салса, іште отырғандар көлік салонындағы жазуларды оқиды. Қазір қаланың барлық бағыттағы қоғамдық көліктерінде осындай жазулар бар. Рүстем Қалиев, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының кеңесшісі: - Болашақта бұл іс өзінің жалғасын табады деген ойдамыз. Жалпы бұл акцияны қоғамдық көлік жүргізушілері де, қала тұрғындары да қолдап жатыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді
■
Еуропа елі діни виза алғысы келетін имамдар мен пасторларға, раввиндерге 7 шартты қамтитын ереже қабылдады
■
Үш жылдан соң жаһандық ислам қаржы индустриясының активтері 10 трлн доллардан асады
■
Әлемде алғашқы электр қуатынсыз және адам көмегінсіз жұмыс істейтін ДНҚ-компьютер пайда болды