Көз ауруларының еміне қатысты 4 жаңалық
Көз ауруларының еміне қатысты 4 жаңалық
2 жыл бұрын 2168 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті
Су қараңғы соқырлықтан қорғайтын линза жасалды 

Контактілі линзаның бірегей құрылғысы көз қысымының өзгерісін тіркеп қана қоймай, сонымен қатар, көзге автомата түрде дәріні енгізеді. Бұл жайында islam.kz порталы sysu.edu.cn дерек көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Қытайдың Сун Иатсен университетінің ғалымдары көзді глаукомадан (су қараңғы соқырлықтан) қорғайтын конактілі линза ойлап тапты. Глаукома соқырлыққа бастап, адамды жер сипап қалатын ғаріпке айналдыратын көз ауруы. Бұл тарапта әлем ғалымдаары түрлі құралдар мен әдістер әзірлегенімен әзірге аталған дерттің бетін толық айтару мүмкін болмай тұр. Автономды құрылғы көз ішінегі қысымның өзгерісін дер кезінде анықтайды және қысымды қалыпқа келтіру үшін дереу дәрін енгізеді. Глаукома кезінде көзішілік қысымның көтерілуі өз кезегінде көру жүйкесін зақымдайды, осының кесірінен миға ақпарат жеткізу тізбегін бұзады. Осылайша аталған көз құралы, яғни, контактілі линза глакоманың дамуына жол бермеуге саяды. Қытай ғалымдарының бұл екі қабатты контактілі линзасы глакомаға қарсы бримонидин дәрісімен жабдықталған. Көз ішіндегі қысым күшейгенде линзадағы датчик оны тіркеп, сымсыз жүйе көздің мүйізгегінен де өтетіндей етіп дәріні бүркеді.

Жаңа көз дәрісі алты сағат бойы көзілдіріксіз жүруге мүмкіндік береді

АҚШ денсауық сатқтау министрлігі өткен жылы жас ұлғая келе пайда болатын көздің көру қабелітінің нашарлауына - пресбиопияны қарсы жаңа дәріні мақұлдады. Бұл жайында islam.kz порталы theconversation.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш дәрі қазіргі таңда рецепті бойынша дәріханаларда сатылады. «Vuity» деген атауға ие болған дәрі көзілдірікті, контакт линзаларын қолданбай-ақ немесе көзге операция жасамай-ақ пресбиопияның жағымсыз әсерін жоюға көмектеседі. Дәрінің тиімділігі 6 сағатқа созылады, яғни, дәріні қабылдағаннан кейін 6 сағат бойы көру өткірлігін қайтаратын көз тамшылары. Ғалымдар пресбиопияның дамуының екі негізгі факторы болатынын алға тартып отыр. Біріншіден, көздің линзасы нашарлайды, соның салдарынан көзіңізді нысанға бағыттауға тырысқанда оның линза тәрізді пішіні өзгермейді. Екіншіден, жасына қарай бұлшықеттердің жағдайы нашарлайды, ол линзаны қысып, босаңсытуы керек. Осыған байланысты көздер жарық ағынын қабылдауды және оны тордың терең қабатындағы көру жүйкесіне шоғырландыруды басқару қабілетін жоғалтады. Vuity 19 ғасырдың аяғынан бастап әртүрлі көз ауруларын емдеу үшін қолданылған пилокарпин затына негізделген. Vuity-нің көзге әсерінен қарашық кішірейеді, яғни, біз көзімізді қысып, нысананы жақыннан қарауға тырысқан кездегі әрекетіміз секілді көз линзасының пішінін мәжбүрлі түрде өзгеруіне әкеледі. Десе де Vuity құралының кері әсері барын мамандар жоққа шығармайды: көздің қызаруынан бастап, бас ауруына дейін теріс әсері болады. Осыған байланысты оны күніне бір-ақ рет қоолдануға кеңес береді. Бір флаконының бағасы 80 доллар, күн сайын пйдаланғанның өзінде бір айға толық жетеді.

Дәріні енгізгеннен кейін ыдырайтын, көзге арналған микроине пайда болды

Ғалымдардың хлықаралық тобы денсаулыққа еш зияны жоқ, көзге дәріні енгізудің жаңа жүйесін әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы onlinelibrary.wiley.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаңа әдіс клиниалық сынақтарға дейін оңдә нәтиже көрсеткен. Терасаки биомедициналық инновациялар институтының директоры Әлі Қадымхұсейн дәрі-дәрмек жеткізудің жаңа жетілдірілген әдісі кәдімгі инемен туындайтын проблемаларды болдырмайды, деп отыр. Көп мәрте пайдаланылатын инелердің қандай да бір патогенді жұтыру қатерін төндіретінін ескерген ғалымдар қолданғаннан кейін көзде қалатын және ақырында ыдырап жоғалатын ультра жұқа микроинелерді жасады. Микроинеде гидрогел тығыны бар, ол қапталған дәріні біртіндеп босатады, сонымен қатар, көздегі инеден пайда болған тесікті бітейді.

Ғалымдар катарактаны емдеудің жаңа әдісін тапты 

Ғалымдардың айтуынша, жаңа емдеу түрі немесе тәсілі хирургиялық емдеудің орнына катарактаны дәрі-дәрмекпен емдеуге жол ашады. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Катаракта – әлем бойынша миллиондаған адамдардың көру қабілетін шектеп, соқырлыққа бастайтын көздің линзасындағы бұлтты дақтар. Жасы ұлғайған адамдар мұндай кеселге шалдықса, емдеудің қазіргі нұсқалары отамен шектеледі, яғни, тек зақымдалған линзаны алып тастау және ауыстыру операциясынан өзге ем тәсілі болмай тұр. Бұл бағыттағы терапиялық мүмкіндіктерді арттыру жолдарын қарастырған Англия Рускин университетінің ғалымдары тышқандарға тәжірибе жүргізіп, катарактаға қарсы дәріні сынақтан өткізіп көрді. Ғалымдар бұл препаратты қабылдаған кеміргіштердің көру қабілетінің жақсарғанын байқағанын, дәлірегі, олардың жартысына жуығының (46 пайызы) бұлыңғыр көрудің азайғанын алға тартты. Катаракта линзадағы ақуыздардың ұйыспауы нәтижесінде пайда болады. Бұл жайт өз кезегінде жарықты шашыратып, көз торына өтуді айтарлықтай төмендететін ақуыз шоғырларының пайда болуына әкеледі. Ғалымдар катарактадан зардап шегетін тышқандарды VP1-001 деп аталатын химиялық қосындысымен көз тамшылары арқылы емдеген. Нәтижесінде бұл тәсілдің линзаның ақуыздық құрылымын қалпына келтіргенін көрсетті. Профессор Барбара Пиршионектің айтуынша, бұл зерттеу бңрыңғайда осы саладағы әлемдегі алғашқы зерттеу. Жақсарулар катарактаның барлық түрлерінде байқалмады, бұл бізде белгілі бір катаракта үшін ем әзірленуі мүмкін екенін көрсетеді. Бұл өте кең таралған ауруды хирургиялық емес, дәрі-дәрмекпен емдеудегі алға жасалған маңызды қадам. Мәселен, бір ғана Англияда жыл сайын 330 000-ға жуық катаракта операциясы жасалады. Ал америкалықтардың жартысы 75 жаста осы дертке шалдықса, 80 жастағығылардың 70 пайызы катарактадан зардап шегеді.

0 пікір
Мұрағат