2021 жылға қарай елді мұсылмандар мен христиандардан тазартуды жоспарлап отыр
2021 жылға қарай елді мұсылмандар мен христиандардан тазартуды жоспарлап отыр
9 жыл бұрын 3194

Естеріңізде болса, радикалды үнділердің Агра қаласындағы лашықтарда өмір сүретін тұрмысы төмен, иіні жүдеу әрі сауатсыз мұсылмандардың біразын өз наным-сенімдеріне кіргізгені жөнінде хабарлаған едік. Алайда, ислам дінінен үнді сеніміне өтті деген мұсылмандар радикалдардың бұл мәлімдемесін жоққа шығарып отыр. Үнді радикалдарының өкілі Раджешвар Сингх мұнымен ғана тоқтап қалмай, мұсылмандар мен христиандар осы елде өмір сүргісі келсе, үнділердің сенімін қабылдауы керек деген мәлімдеме жасады. Олар 2021 жылға дейін елдегі азшылықты құрайтындарды өз сенімдеріне толық кіргізу жөнінде жоспарларын барын жайып салған болатын. Бұл жайында The Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Осы елдегі мұсылман жамағатымен қатар азшылықты құрайтын христиан радикалдардың әсіре белсенділігінен сескеніп, дәстүрлі Рождество мейрамын мерекелеуге қорқып отыр. Оған негіз де жоқ емес. Христиандар үшін орны бөлек мейрамның басы Дели қаласындағы католиктердің әулие Себастьян шіркеуінің өртенуімен басталды. Осы оқыс оқиғадан кейін санаулы сағаттардан соң тағам өнеркәсібі министрі Садхви Ниранджан Джоти аазшылықты құрайтындарға қатысты анық арандатуға бастайтын атышулы мәлімдемесін жасады. «Дели қаласының тұрғындары Рама (үнді құдайы) соңынан ереді немесе харамшылардың соңынан ереді», - деді. (Бұл арада ол «харам» дегенді «адасқандар» мағынасында айтып отыр-ред.). Үстіміздегі жылдың желтоқсан айының 10-ы күні радикалды үндістердің жетекшісі Раджешвар Сингх биыл 5000 христиан мен мұсылманның Алигарх қаласында үнді сенімін қабылдайтыны турасында мәлімдеме жасады.

0 пікір
Мұрағат