Зиянкес жәндіктермен зиянсыз жолмен күресудің әдісі табылды
Зиянкес жәндіктермен зиянсыз жолмен күресудің әдісі табылды
3 жыл бұрын 2609 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне залал келтіретін зиянкес жәндіктерді табиғи жолмен үркітіп, жоятын, жыртқыштар бөлетін «үрей иісін» таратудың амалын тауыпты. Бұл жайында islam.kz порталы acs.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әдетте жәндіктер қорек табу, серік іздеу, т.б. үшін иіс сезу қабілетін пайдаланады. Жәндіктердің осы ерекшелігін ескерген ғалымдар олардың әрекетін басқару үшін иісті пайдаланудың тетігін тапты. Мәселен, қара тарақан жәндігі ааталып кеткен тли ауыл шаруашылық өсімдіктерінің қас жауы. Олар көбейсе, патогендік микроорганизмдерді өсімдікке жұқтырады, осының кесірінен өсімдік солады. Бұдан бөлек, аталған жәндіктің инсектицидке төзімділігі жоғары екенін ескерсек, онымен тиімді күресудің өзектілігі жоғары. Қызыл қоңыз тлимен қоректенеді, сол себепті, оның иісі арқылы ауыл шаруашылық өсімдігін шөптесін қоректі аталмыш жәндіктен қорғауға болады. Осыған байланысты ғалымдар қызыл қоңызға тән иісті зерделеген екен. Осы мақсатта ғалымдар газды хроматография (иістің жекелеген компоненттерін бөліп, сәйкестендіруге мүмкіндік беретін спектрометриялық құрал) көмегімен тірі қызыл қоңыздың иіс өзгешелігін анықтады. Тли жәндігі қандай қосындыға реакция танытатынын білу үшін оны электроантеннограмма аппаратына (EAG) қосып, жыртқыш қоңыз бөлген жекелеген иістің қайсысына реакция танытатынын тексеріп көрді. Осыдан соң тли жәндігінің иістерге реакциясының деңгейін өлшеген: изопропилметоксипиразин, изобутилметоксипиразин және сек-бутилметоксипиразин секілді метоксипиразиннен бойын алып қашатыны белгілі болды. Аталған қосындылар сәйкестендірілген соң ғалымдар бау-бақша мен егістік алқаьына шашуға болатын арнайы иіс қосындыларын жасауға кірісті.

Ұқсас материалдар:

«Зиянкес жәндікпен бактерия көмегімен күресетін болады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ziyankes-jandikpen-bakteriya-komegimen-kuresetin-bolady-14390/#gsc.tab=0);

«Орман-тоғайды химиялық емес, биологиялық жолмен қорғайтын болды» (https://islam.kz/kk/news/alem/orman-togaidy-himiyalyq-emes-biologiyalyq-jolmen-qorgaityn-boldy-12360/#gsc.tab=0);

«Тозаңдандырушы жәндіктердің қырылу себептері айтылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/tozandandyrushy-jandikterdin-qyrylu-sebepteri-aityldy-15625/#gsc.tab=0);

«Биологиялық әралуандылықтың сақталуы ең алдымен адамның өзі үшін керек» (https://islam.kz/kk/news/alem/biologiyalyq-araluandylyqtyn-saqtaluy-en-aldymen-adamnyn-ozi-ushin-kerek-15099/#gsc.tab=0);

«Келесі ғасырда жәндіктер толық жойылуы мүмкін (инфографика)» (https://islam.kz/kk/news/alem/kelesi-gasyrda-jandikter-tolyq-joiyluy-mumkin-infografika-11466/#gsc.tab=0);

«Жәндіктердің 40 пайызы жойылып кетті, енді тағы үштен бірі қырылады» (https://islam.kz/kk/news/alem/jandikterdin-40-paiyzy-joiylyp-ketti-endi-tagy-ushten-biri-qyrylady-13177/#gsc.tab=0);

«Жәндіктер жаһандық жылынуға төтеп бере алмайды – олар өз денесінің қызуын реттей алмайды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jandikter-jahandyq-jylynuga-totep-bere-almaidy-olar-oz-denesinin-qyzuyn-rettei-almaidy-14391/#gsc.tab=0);

«Өзбекстанда жеуге арналған шегірткелер өсіріле бастады» (https://islam.kz/kk/news/alem/ozbekstanda-jeuge-arnalgan-shegirtkeler-osirile-bastady-15364/#gsc.tab=0);

«Мұсылман елі шегірткемен күресудің тың тәсілін тапты» (https://islam.kz/kk/news/alem/musylman-eli-shegirtkemen-kuresudin-tyn-tasilin-tapty-13735/#gsc.tab=0);

«Шегірткеге қарсы үйректі салады» (http://islam.kz/kk/news/alem/shegirtkege-qarsy-uirekti-salady-13268/#gsc.tab=0) ;

«Шегірткеден келген шығынның орнын шеріткеден тапқан пайдамен толтыру тәсіліне көшкен ел» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/shegirtkeden-kelgen-shygynnyn-ornyn-sheritkeden-tapqan-paidamen-toltyru-tasiline-koshken-el-14872/#gsc.tab=0);

«Шегірткелермен күресудің енді қажеті болмайды: оларды жеңудің жолы табылды (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/shegirtkelermen-kuresudin-endi-qajeti-bolmaidy-olardy-jenudin-joly-tabyldy-13986/#gsc.tab=0);

«Аралар жойылуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/arturli/aralar-joiyluy-mumkin-13155/#gsc.tab=0);

«Аралар санағы жүргізілді» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/aralar-sanagy-jurgizildi-foto-15173/#gsc.tab=0);

«Аралар билеуді қойып кетті» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/aralar-bileudi-qoiyp-ketti-video-11699/#gsc.tab=0);

«Аралардың иммунитеті нығайтылатын болды. Қалай?» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/aralardyn-immuniteti-nygaitylatyn-boldy-qalai-12569/#gsc.tab=0)

«Гендік тұрғыдан модификацияланған бактерия аралар тобын сақтап қалады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/gendik-turgydan-modifikatsiyalangan-bakteriya-aralar-tobyn-saqtap-qalady-foto-13124/#gsc.tab=0);

«Ғалымдар 30 жыл бойы іздеген ген табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-30-jyl-boiy-izdegen-gen-tabyldy-13559/#gsc.tab=0);

«Масаға қатысты аса маңызды жаңалық ашылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/masaga-qatysty-asa-manyzdy-janalyq-ashyldy-14276/#gsc.tab=0);

«Басталды: генетикалық тұрғыдан модификацияланған 750 млн маса қоршаған ортаға жіберіледі» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/bastaldy-genetikalyq-turgydan-modifikatsiyalangan-750-mln-masa-qorshagan-ortaga-jiberiledi-14023/#gsc.tab=0);

«Вирустың жұғуынан құтқаратын ген табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/virustyn-juguynan-qutqaratyn-gen-tabyldy-14533/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат