Уақыттың бір жұмбағының шешімі табылды
Уақыттың бір жұмбағының шешімі табылды
3 жыл бұрын 1626 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Адам уақытқа қатысты дүниетанымы оның тек алға жылжуымен байланысты қалыптасқан, алайда, физиктер уақыт артқа жылжыса, одан жаратылыс заңының бұзылмайтынын алға тартып отыр. Лондонның университеттік колледжінің Томас Китчинг есімді ғалымының айтуынша, соңғы зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, Үлкен Жарылыс теориясы мен Ғаламның ұдайы кеңеюі өз кезегінде уақыттың да бастауы болғанын дәлелдейді. Бұл жайында islam.kz порталы earthsky.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Уақыт - салыстырмалы ұғым. «Эйнштейннің салыстырмалы теориясы уақыттың салыстырмалығын дәлелдейді. Маған қарағанда сіз қаншалықты жылдам қозғаласыз, менің уақытта қабылдау танымыма қарағанда уақыт соғұрлым баяу өтеді. Өткен шақ та, бүгінгі шақ та және болашақ та салыстырмалы»,- деп ойын тарқатып түсіндірді Томас Китчинг. Ғалымдарға белгілі болғандай, Ғалам барлық жағынан бірдей көрінетіндіктен ғарышта да уақыттың бар екенін білдірмек. Оны микротолқын фонын өлшеу арқылы есептеуге де болады. Ғалымдар қолданып көрген тәсіл бұл: Ғаламның жасы 13,799 млрд жыл екеніне осылайша көз жеткізген. «Кеңістік өлшемінде сіз алға және артқа жылжи аласыз, алайда, уақыт өте келе тек алға қарай жылжисыз. Неге бұлай? Бұл әзірге шешімі табылмаған жұмбақ»,- деді Томас Китчинг. Концептуалдық негізі бар гиопетаза бойынша уақыт өте келе барлығы реттеле бермейді. «Газы бар ыдысты көз алдыңызға әкеліңіз, онда барлық бөлшектер бір жерге шоғырландырылған, яғни, реттелген күйінде тұр. Уақыт өте келе ол барлық ыдысқа таралып, ретсіз күйге түседі. Бөлшектерді реттелген күйіне келтіру үшін энергия қажет. Бұл орны толмайтын процесс. Ғаламдағы жағдай да осыған ұқсас – кеңейген сайын энтропия (хаос, ретсіздік) артады», - деп ойын одан ары сабақтады Томас Китчинг. Ғалымдар энтропияның көмегімен уақыттың неліктен тек бір бағытқа жылжитынын түсіндіруге тырысады. Ғалымдардың гипотезасы бойынша Ғаламның ретсіздікке бейім тұратыны әлі күнге жауабы табылмаған сауал күйінде қалып отыр. Бұл процесс түптің түбінде уақыттың энергияға тәуелді болуын жоғалтады.

Ұқсас материалдар:

«Ғалымдар Ақырзаманның бір белгісі орын алғанын растады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-aqyrzamannyn-bir-belgisi-oryn-alganyn-rastady-15737/#gsc.tab=0);

«Ғалымдар минутты 60 секундпен есептемей, 59 секундтқа қысқартуды ұсынып отыр...» (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-minutty-60-sekundpen-eseptemei-59-sekundtqa-qysqartudy-usynyp-otyr-14650/#gsc.tab=0);

«Ең қысқа уақыт бірлігі белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/en-qysqa-uaqyt-birligi-belgili-boldy-14285/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат