Тұтас дерлік судан тұратын робот жасалды (видео)
Тұтас дерлік судан  тұратын робот жасалды (видео)
2 жыл бұрын 1279 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Инженерлер биомедицина мен экологиялық зерттеулерге арналған, өздігінен жиналатын (құралатын) титтей робот жасады. Бұл жайында islam.kz порталы pubs.acs.org ақпарат көзіне және ACS Nano мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Гонконг университеті мен Лоуренс ұлттық зертханасының ғалымдары негізінен судан тұратын жұмсақ роботтар жасап шығарды. Олар биологиялық және басқа сұйық ортада зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған. Ғалымдар толығымен сұйық 3D басып шығару әдістерін су негізіндегі екі фазалы жинақтармен (ATPS) біріктірген екен. Аталмыш технология биологиялық жүйелерге ұқсайтын жасанды құрылымдарды басып шығару үшін қолданылады. Зерттеушілер жұмсақ роботтарды қалыптастыру үшін өздігінен жиналатын магниттік нанобөлшектері бар судағы су конструкцияларын басып шығаруға арналған сулы екі фазалы жүйелерді қолданатынын айтты. Олардың мөлшері наноскопиялықтан микроскопиялыққа дейін өзгеруі мүмкін. Ал магниттік қасиеттер роботты сыртқы өріс арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Жұртшылық назарына ұсынылған алғашқы прототиптер өте қарапайым. Мысалы, олар объектілерді ұстап, жылжыта алады. Алайда,  болашақта дәл осындай процесс күрделі мәселелерді шешуге қабілетті күрделі құрылымдарды құру үшін пайдаланылуы мүмкін. Біз сөз етіп отырған роботтар суда жиналған. Олардың сұйық ортада жұмыс істей алатынын және суда еритін қосылыстар арқылы арнайы тапсырмаларға бейімделетінін айта кетпекпіз. Болашақта су роботтары көптеген нақты өмірдегі биомедициналық және экологиялық қосымшалар үшін қызықты мүмкіндіктерді аша алатынын алға тартып отыр ғалымдар. Мысалы, олар дәрілерді адам ағзасының белгілі бір жерлеріне жеткізу үшін, адам ұлпаларын биологиялық инженериялау үшін және кейбір биологиялық жүйелердің функцияларын жасанды түрде орындау үшін қолданылуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат