Тұңғыш рет жасанды ДНҚ жасалды
Тұңғыш рет жасанды ДНҚ жасалды
3 жыл бұрын 1622 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапон ғалымдары жасанды гендік ДНҚ-ның жасушадан тыс репликациясын (ДНҚ-ның қайталану процесі ДНҚ репликациясы деп аталады) және эволюциясын қадағалады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған ACS Synthetic Biology мепзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Профессор Норикадзу Ишихаши мен оның Токио университетіндегі әріптестері барлық тірі жанға тән ДНҚ генінің экспрессиясын (геннің нақты бір өнімге – РНҚ-ға немесе ақуызға айналу процесі) тудыра алған. Бұл үшін олар нуклеиндік қышқыл бен ақуыз секілді жасушасы жоқ материалдарды пайдаланған. Өсіп-өну және даму – барлық тірі организмге тән қасиет. Ғалымдар бұған қабілеті жоқ жасанды материалдардан жасай алған жоқ. Көбейе алатын әрі дамуға қабілетті жасанды молекулярлы жүйені жасау үшін ДНҚ-дағы ақпаратты (гендерді) РНҚ-ға аудару керек, ақуыз экспрессиялануы керек, ал ДНҚ-ның осы ақуыздармен репликациялану циклі жүйеде ұзақ уақыт бойы жалғасын табуы тиіс болатын. ДНҚ репликациясына қажетті гендер экспрессияланатын реакция жүйесін құру мүмкін емес, бұл кезде гендер өздерінің негізгі қызметін атқарады. Бұл проблеманы еңсеру үшін күншығыс елінің ғалымдары тірі организмдер пайдаланатын гендердің көп мөлшерін қажет ететін ДНҚ репликациясының күрделі тетіктерінің орнына тек екі гені бар жасанды репликация жүйесін жасады – ДНҚ-ның репликация ферменті Phi29 және Cre-рекомбиназа. Ғалымдар топшылағандай, ақуыздар төмен концентрацияларда (аз шоғырланғанда) жақсы жұмыс істейді, тіпті, жасушасыз трансляция жүйелерінде де жеткілікті мөлшерде экспрессиялануы мүмкін. Осылайша олар осындай жасушасыз транскрипция-трансляция жүйесін жасады: онда биологтер ақуызға генді трансляциялай алды әрі репликация үшін қажетті екі гені бар сақиналы ДНҚ көмегімен бастапқы сақиналы ДНҚ-ны репликациялай алды. Бұдан бөлек, олар репликация тиімділігі 10 есе арттырылған бастапқы ДНҚ-ны айтарлықтай жақсартқан болатын. Ал мезгіліне келсек, ғалымдар тіркеген ДНҚ репликациясының циклі 60 күн жалғасын тапқан еді. Болашақта жасанды геномдық ДНҚ-ға транскрипцияға және трансляцияға қажетті гендерді қосу арқылы оларды жай ғана аминқышқылдары мен нуклеотидтер сияқты төмен молекулалы қосылыстармен қоректендіру арқылы автономды (дербес) өсе алатын жасанды жасушаларды дамытуға болады. Егер мұндай жасанды жасушаларды жасау қиындық тудырмаса, мәселен, дәрі-дәрмек немесе тағам өнімдеріне қажетті тірі организмдердің көп қажеті де бола қоймас еді.

Ұқсас материалдар:

«РНҚ-ның бұрын-соңды болмаған видеосы жарияланды (видео)» (https://islam.kz/kk/news/gylym/rnq-nyn-buryn-sondy-bolmagan-videosy-jariyalandy-video-14817/#gsc.tab=0);

«Адам мен тіршілік иелеріне жанаспай-ақ, ауа арқылы олардың ДНҚ-сын анықтайтын технология пайда болды (видео)» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-men-tirshilik-ielerine-janaspai-aq-aua-arqyly-olardyn-dnq-syn-anyqtaityn-tehnologiya-paida-boldy-video-15082/#gsc.tab=0);

«Жасанды жасуша жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-jasusha-jasaldy-15743/#gsc.tab=0);

«Вирусқа бой бермейтін жасанды гені бар жасуша жа»алды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/virusqa-boi-bermeitin-jasandy-geni-bar-jasusha-jasaldy-15331/#gsc.tab=0);

«Ғалымдар жасуша қозғалысын басқаруды меңгерді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-jasusha-qozgalysyn-basqarudy-mengerdi-15079/#gsc.tab=0);

"Адам өлгеннен кейін белсенді әрекетке көшетін зомби жасушалар табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-olgennen-keiin-belsendi-areketke-koshetin-zombi-jasushalar-tabyldy-15012/#gsc.tab=0);

«Жасуша жойылса да органелла тіршілігін жалғастыра береді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasusha-joiylsa-da-organella-tirshiligin-jalgastyra-beredi-14867/#gsc.tab=0);

 «Ғылым әлеміндегі ең азалы көрініс: жасушаның өлуі (видео)» (https://islam.kz/kk/news/gylym/gylym-alemindegi-en-azaly-korinis-jasushanyn-olui-video-12496/#gsc.tab=0);

«ДНҚ-ның жасушаға ену барысындағы өзгеше «биі» (видео)» (https://islam.kz/kk/news/gylym/dnq-nyn-jasushaga-enu-barysyndagy-ozgeshe-bii-video-14849/#gsc.tab=0);

«ДНҚ-ның қорқынышты тізбегі...» (https://islam.kz/kk/news/gylym/dnq-nyn-qorqynyshty-tizbegi-14681/#gsc.tab=0) ;

«РНҚ-ның бұрын-соңды болмаған видеосы жарияланды (видео)» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/rnq-nyn-buryn-sondy-bolmagan-videosy-jariyalandy-video-14817/#gsc.tab=0);

«Жердегі өмір ДНҚ мен РНҚ-ның араласынан пайда болды» деген теория расталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jerdegi-omir-dnq-men-rnq-nyn-aralasynan-paida-boldy-degen-teoriya-rastaldy-14613/#gsc.tab=0;

«ДНҚ-ны репликациялаушы ақуыздары жоқ организм табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/dnq-ny-replikatsiyalaushy-aquyzdary-joq-organizm-tabyldy-15011/#gsc.tab=0);

«Адам организімінің ең ыстық нүктесі анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-organiziminin-en-ystyq-nuktesi-anyqtaldy-14779/#gsc.tab=0);

«Ақпаратты ДНҚ-да сақтау тәсілі пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/aqparatty-dnq-da-saqtau-tasili-paida-boldy-15087/#gsc.tab=0);

0 пікір
Мұрағат