Ресейдe алғашқы шариғи биржалық инвестициялық қор пайда болды
Ресейдe алғашқы шариғи биржалық инвестициялық қор пайда болды
2 жыл бұрын 1684 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресейде шариғат талаптарына сай алғашқы биржалық инвестициялық қор (ETF) пайда болды. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Халал инвестиция» қоры Ресейдегі ең ықпалды қаржы мекемелерінің біріен саналатын  Сбербанктің құрылымына кіретін «Сбер Управление Активами» басқарушы компания тарапынан іске қосылды. Қараша айының 18-і күні Мәскеу биржасында SBHI тикерімен жаңа қаржы құралы саудаланған болатын. ETF – негізгі индекс құрылымына ұқсайтын және осы индекстің табыстылығын барынша дәлдікпен қайталайтын биржалық инвестициялық қор. Жаңа халал қоры Мәскеу биржасының исламдық толық кірістілік индексінің бөлігі болып табылатын ресейлік компаниялардың акцияларына инвестициялайды. Шариғат комитетінің сарапшы мүшелері индекске кіретін компанияларды таңдап, исламдық нормаларға сәйкестігін тексерді. Ол - шариғат ережелеріне сәйкес ресейлік акциялар портфеліне бірден инвестициялауға мүмкіндік беретін тарихтағы алғашқы биржалық қор.

0 пікір
Мұрағат