Түнгі қорқынышты түстер қатерлі аурудың белгісі болып шықты
Түнгі қорқынышты түстер қатерлі аурудың белгісі болып шықты
2 жыл бұрын 1831 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түнгі ұйқы кезінде қорқынышты түстерді жиі көру Паркиносн ауруының белгілі болуы мүмкін екенін алға тартады ғалымдар. Бұл жайында islam.kz порталы Sky News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бирмингем университетінің ғалымдары бұл бағытта жасы 67-ден асқан төрт мыңдай ер адамның қатысуымен ұзақ уақыт бойы зерттеу жұмыстарын жүргізген екен. Аталмыш тәжірибеге қатысқандардың біреуінде Паркинсон дерті болмаған. Арада танабын күректей жеті жыл өткенде осы төрт мыңға тарта адамның 91-і Паркинсон дертіне шалдыққан. Көбісі – алғашқы бес жылда аталған ауруға ұшыраған. Жиі қорқынышты түс көргендердің бес жыл ішінде Паркинсон ауруына шалдығу ықтималдығы қалғандарына қарағанда үш есе жоғары болған. Паркинсон ауруы – нейродегенеративті дерт бойынша науқастар саны жағынан екінші орында тұрған ауру. Күллі әлем бойынша аталмыш дерттен жасы 60-тан асқан адамдардың екі пайыздайы зардап шегеді. Аталған аурудан адам миының белгілі бір аймақтары зақымдалады, адамда тремор пайда болады, жүріс-тұрысын, қимыл-қозғалысын, сөзін басқару қиынға түседі. Аталмыш дертте ерте бастан анықтау қиын. Осыны ескерген әрі аурудың асқындырмай алдын алу мақсатында ғалымдар ерте диагностика қою жолдарын қарастырумен келеді.

Ұқсас материалдар:

«Тұңғыш рет ми импланты арқылы Паркинсонмен ауыратын науқас жазылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/tungysh-ret-mi-implanty-arqyly-parkinsonmen-auyratyn-nauqas-jazyldy-16699/#gsc.tab=0);

"Паркинсон ауруының ерте білінетін тағы бір белгісі аталды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/parkinson-auruynyn-erte-bilinetin-tagy-bir-belgisi-ataldy-14760/#gsc.tab=0);

"Иіс сезу қабілетін жоғалту емі жоқ аурудың белгісі болып шықты" (https://islam.kz/kk/news/gylym/iis-sezu-qabiletin-jogaltu-emi-joq-aurudyn-belgisi-bolyp-shyqty-14696/#gsc.tab=0);

"Альцгеймер, Паркинсон ауруларын тоқтатын тәсіл табылды" (https://www.islam.kz/kk/news/gylym/altsgeimer-parkinson-aurularyn-toqtatyn-tasil-tabyldy-15512/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат