Тіс эмалін қалпына келтірудің жолы табылды
Тіс эмалін қалпына келтірудің жолы табылды
3 жыл бұрын 6810 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай ғалымдары тістің зақымдалған жеріне табиғи эмалдан еш айырмашылығы немесе кем-кетігі жоқ жасанды қабат өсіретін дәрі ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Sky News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұдан былай зақымдалған тісіңізге пломба салдырып жатпайсыз. Тіс эмалі – адам организіміндегі алмастыруға келмейтін ең қатты зат. Жыл сайын әлем бойынша млрд-таған адам эмалдың кертілуінен тісі зақымдалып зардап шегіп жатады. Осы уақытқа дейін бұл процестің бетін қайтару мүмкін болғанымен аталған процестен ақау шалған жерді қалпына келтіру мүмкін емес саналып келген еді. Ғалымдар мұның да жолып тапты. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, қытай ғалымдары тістің зақымдалған тұсын тиімді жолмен қалпына келтіре алатын сұйық қоспа әзірледі. Ол үшін тістің қорғаныш қабығын минералдауға мүмкіндік беретін табиғи процесті имитациялайтын материалды пайдаланды. Тіс эмалі биоминералдану процесі нәтижесінде қалыптасады. Амелобласт деп аталатын жасушалар ақыр түбінде қатайып, тістің жұмсақ бөлігінде қатты қабықты қалыптастырады. Бір қынжылтатыны, мұндай жасушалар тістің дамуы кезінде ғана болады, «сақайған» тістер сол себепті де табиғи жолмен қалпына келу мүмкіндігінен айырылған. Чжэцзян университетінің ғалымдары бұл саладағы бұрынғы зерттеулердің эмалдың кристалдық құрылымының күрделі болуына байланысты сәтсіз аяқталғанын жеткізді. Қытай ғалымдары мәлімдегендей, кальция фосфатының ион кластерінен тұратын материал эмалдың жасанды қабатын алу үшін пайдаланылуы мүмкін. Яғни, жасанды шара арқылы табиғир процесті имитациялай отырып эмал кристалының өсуіне ықпал етуге болады. Оның дәлелі ретінде диаметрі нанометрдің 1,5 үлесіндей болатын (бұл шамамен бір метрдің бір млрд. үлесіндей болады) кальция фосфатының илн клсатерінің жаңа тұрпатын (типін) (CPIC) атауға болады. Былай қарасаң, осынау көзге көрінбейтін титтей бөлшектерден ешқандай пайда көру мүмкін емес нәрсе секілді. Алайда, оларды синтездегеннен кейін кластердің жабысқақтығының алдын алатын триметиланинді этанол ерітіндісінде тұрақтанды. Нәтижесінде гел тәрізді материал тістің зақымдалған жеріне орнатылады – жасанды кристалл эмалдың қалған қалдығымен біте қайнасып, біртұтас нәрсеге айналып, тістің бастапқы, яғни, тінінен еш айырмашылығы жоқ затқа айналды. Бар-жоғы 48 сағаттың, яғни, екі тәулік ішінде қалыңдығы 2,8 микрометрге жететін қатты қабат қалыптасты. Әлбетте, алынған қабат табиғи тіс эмаліне қарағанда жүздеген есе жұқа келеді. Десе де ғалымдар ерітіндіні алдыңғысының үстінен тағы қайталап жақса, тіс эмалінің қабаты тағы өсетінін алға тартып отыр. Жасанды эмалдің құрылымы мен механикалық өзгешелігі табиғи нұсқасынан бір мысқал да кем түспейді. Десе де бұл тараптағы инновациялық зерттеу әлі толық аяқталған емес, әлі де талай сынақ пен тәжірибе жүргізіледі, бәрі сәтті аяқталса, аталмыш технология жаппай қолданылатын болады. Оған дейін әлі 1-2 жыл уақыт кетеді.

0 пікір
Мұрағат