Тері обырын емдеудің кері әсері аз алғашқы инновациялық тәсілі пайда болды
Тері обырын емдеудің кері әсері аз алғашқы инновациялық тәсілі пайда болды
1 жыл бұрын 1506 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Құдыстың онкологтары мен хирургтары тері обырын емдеудің инновациялық әдісін алғаш рет Шааре Зедек медициналық орталығында қолданып, жаңа әдістің қалай жұмыс істейтінін баяндап берді. Бұл жайында islam.kz порталы Jpost ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш тәсіл дозасы төмен химиялық терапияны қатерлі ісікке енгізуді де, күретамырдан енгізуді де, сондай-ақ, электр тогын тінге бағыттау арқылы қатерлі ісік жасушаларының мембранасын зақымдайтын электрохимиотерапияны да қамтиды. Қол жеткізілген синергетикалық әсер бұл бағыттағы ем-домның тиімділігін арттырады және организмге кері әсерін азайтады. Дәрігерлер инновациялық әдісті тері ісіктерінің кең ауқымына, соның ішінде базалды жасушалық карциномаға, жалпақ жасушалы карциномаға, жергілікті тері/тері асты рецидиві бар меланомаға және т.б. қолдануға болатынын атап өтті.

Ұқсас материал:

«Тері обырына қарсы екпенің тиімділігі 4 жыл сақталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/teri-obyryna-qarsy-ekpenin-tiimdiligi-4-jyl-saqtaldy-14732/#gsc.tab=0);

«Қатерлі ісік ішінен қауіпті бактерия табылды. Тері обырын қан анализі арқылы анықтау тәсілі пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qaterli-isik-ishinen-qauipti-bakteriya-tabyldy-teri-obyryn-qan-analizi-arqyly-anyqtau-tasili-paida-boldy-17124/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат