Түркия беспилотникке арналған шағын зымыранын сынақтан сәтті өткізді (видео)
Түркия беспилотникке арналған шағын зымыранын сынақтан сәтті өткізді (видео)
11 ай бұрын 790 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Түркияда ROKETSAN компаниясының Mete деп аталатын лазермен басқарылатын шағын зымыраны сынақтан сәтті өттті. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш компанияның баспасөз қызметіне жөн сілтеген Anadolu Ajansı ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Mete зымыраны PAVO Group қорғаныс компаниясы әзірлеген Gök Alp ұшқышсыз жүйесі арқылы ұшырылды. Осылайша сынақ соңғы кезеңіне жетті, аталған қару көп ұзамай жаппай өндірілетін болады. Gök Alp ұшқышсыз жүйесі ең қиын жағдайларда жұмыс істей алады. Дәлірегі, майдан даласындағы ұрыс қимылдарының факторлары әсер етпейтіндей етіп құрастырылған. METE лазерлік басқарылатын шағын зымыран жүйесі жаңа буынның 40 мм граната атқыштарын пайдаланып ұшыруға қабілетті. Ол кәдімгі граната атқыштар үшін қолданыстағы оқ-дәрілердің максималды диапазонынан асатын артықшылыққа ие. PAVO тобының басқарма жетекшісі Алпер Өзбіленнің айтуынша, METE зымыраны UAV тұжырымдамасына сәйкес Gök Alp UAV жүйесіне сәтті кіріктірілген. «Gök Alp - METE пайдаланатын алғашқы платформа. Оның айрықша белгілері - жүк көтере алады, атқанн оқ жетпейді», - деді ол.

0 пікір
Мұрағат