Телехирургия пациентке алыстан ота жасауға мүмкіндік береді
Телехирургия пациентке алыстан ота жасауға мүмкіндік береді
9 жыл бұрын 3233

Көп ұзамай пациентке алыстан ота жасауға мүмкіндік беретін технология қолданысқа енеді. АҚШ-тың Флорида емханасының жанындағы Николсон орталығында пациентке кез келген қашықтықтан ота жасауға мүмкіндік беретін технология жасалуда. Осы технологияны ойлап тапқан ғалымдар Қауіпсіздік департаментінен 4,9 млн доллар қаржы алып, аталмыш технологияның тиімділігін тексеру үшін бірқатар тәжірибені жүзеге асырды. 

Аталмыш технологияға, әсіресе, әскерилер мүдделілік танытып отыр. Бұл технологияның артықшылығы сонда, майдан даласында жараланған сарбаздарға алыстан ота жасауға мүмкіндік береді. Яғни, алыстан пультпен басқару арқылы ота жасауға болады. Ғалымдар, сонымен қатар, пациенттің жағдайы туралы ақпарат алуға интернеттің мүмкіндіктерін пайдалануды да қарастырып отыр. 

Ғаламтор арнасы арқылы келетін ақпарат кешеуілдесе, бұл өз кезегінде ота жасалып жатқан пациенттің өміріне қауіп төндіріуі мүмкін. Ақпараттың кешеуілдеуі ең көп дегенде 200 миллисекундтан аспауы керек, міне, сол кезде ғана аталмыш технологияны батыл қолданысқа енгізуге болады. 

Айта кетейік, осы технологияға қатысты тәжірибені білікті деген әлемнің 107 хирургы жүзеге асырды.

0 пікір
Мұрағат