АҚШ-та торнадо үйді көтеріп әкетті
АҚШ-та торнадо үйді көтеріп әкетті
9 жыл бұрын 3862

АҚШ-тың Арканзас штатында торнадо ішінде адамдары бар қозғалмалы үйді көтеріп әкетті.

Қайғылы оқиға Нашвилл қаласында болды. Оның салдарынан 20-30 жастағы ерлі-зайыпты қаза тауып, олардың екі жасқа толмаған балалары аман қалды. Қаза болғандардың аты-жөні аталмайды. Торнадо, бұршақ және сел АҚШ-тың орталық бөлігіне осы аптада лап қойды. Бұл жайында tengrinews.kz ақпарат көзі хабар таратты. Бәрінен бұрын Оклахома штаты зардап шекті, мұнда 30 адам жарақат алды, бірнеше тұрғын үй қирады. Небраска штатында болған селден 10-нан 15-ке дейін үй қирады. Канзас штатында кем дегенде тоғыз үйді қатты құйын қиратты, бірақ ең күшті торнадо халық аз қоныстанған аумақта болып, шығыны аз болды. Техас штатында соққан дауылдан 25-тен астам адам зардап шекті. Тағы да тоғызы із-түссіз жоғалып кетті. Жексенбі күні Сиско қаласында бір адам қайтыс болды.

Видеода торнадо Айова штатындағы Лейк-Ситидегі мектептердің бірінің шатырын жұлып әкетеді.

0 пікір
Мұрағат