Тәжді тажалдың (корновирустың) адам терісінде қанша уақыт болaтыны анықталды
|
Орыс тілінде хабар тарататын ресейлік Reuters ақпарат ресурсының ғалымдарға сілтеме жасай отырып келтірген дерегіне қарағанда, тәжді тажал вирусының адам терісінде 9 сағаттан аса уақытқа дейін болатыны анықталған. Ғалымдар бұл бағытта арнайы тәжірибе жүргізіп көрген екен - зертханада, адам мәйітіне. А тобындағы вирус адам мәйітінің терісінде 2 сағатқа жетпей жоғалса, тәжді тажал вирусы 9 сағаттан аса уақытқа дейін болған. Екеуі де 15 секунд ішінде құрамында 80 пайыз спирті бар залалсындандырушы құралмен толық залалсыздандырылды. Қазіргі уақытта АҚШ-тың ауруларды бақылау әрі алдын алу жөніндегі орталығы қолға арналған антисептиктің құрамындағы спирттің мөлшері кем дегенде 60 немесе 90 пайыздан кем болмауы тиіс деп кеңес береді. Сондай-ақ, қолды кем дегенде 20 секунд бойы сабынмен, лажы болса кір сабынмен жууға кеңес беріп отыр. Осы айтылғандардан бөлек ғалымдар масканың өкпесі ауыратын науқастарға әсерін бағамдап көрді. Дәлірегі, ғалымдар маска таққан кезде газ алмасу процесіне қалай әсер ететінін зерделеген екен: яғни, организм қанға оттегі үстеп, көмірқышқыл газын бөліп шығаратын процеске теріс әсері бар-жоғын бажайлады. Бұл бағытта жүргізілген тәжірибеге дені сау 15 дәрігер мен өкпесін дерт шалған 15 соғыс ардагерін тартқан екен: олар артық-кемі жоқ алты минут бойы бірдей сападағы масканы тағып көрді. Қан құрамындағы оттегі мен көмірқышқыл газының деңгейі тәжірибе алдын да, соңында да өлшенді. Нәтижесінде айтарлықтай айырмашылық байқалмаған.