Жануарлардың ұлпа жүнді терісін сатуға да, сатып алуға да тыйым салынады
Жануарлардың ұлпа жүнді терісін сатуға да, сатып алуға да тыйым салынады
4 жыл бұрын 3800 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Израил билігі арнайы бекітілген жағдайлардан бөлек жануарлардың табиғи ұлпа жүнді терісін саудаға шығаруға тыйым салуға бел байлап отыр. Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, Израил қоршаған орта мен жабайы жануарларды қорғауда мемлекеттік деңгейде осындай шешім қабылдаған алғашқы ел. Аталған елдің қоршаған ортаны қорғау министрі Гила Гамлиэль сән индустриясы үшін табиғ тері мен үлпа жүнді пайдалану барып тұрған адамгершілікке жат әдет. Сән индустриясы үшін әлем бойынша жылына жүз миллиондаған жануар қырылады екен. Министрдің айтуынша, мұндай терілер тек айрықша жағдайларда ғана, дәлірегі, ғылыми зерттеу және діни мақсатта ғана пайдалануға рұқсат етілмек. Бұл тараптағы артықшылық, дәлірегі, «діни мақсаты» дегенде ұлпа жүнді қалпақты ерекше салтанатты жағдайда киетін ультрортодоксалды топ жайында айтып тұруы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат